КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Халќымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі дауссыз. Осы айтылғанға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім-тәрбие, ұлттық педагогика мен психологияға байланысты асыл қазыналарын, ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Психология ғылымының тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Мұндай ғалымдардың қатарына: А. Н. Ждан, А. А. Никольская, А. В. Петровский, А. А. Смирнов, В. М. Теплов, М. Г. Ярошевский /Ресей/ ; Г. С. Костюк, Д. Ф. Николенко, М. А. Мацейкив /Украна/; Р. Г. Натадзе, А. С. Прангишливи /Грузия/; Р. Е. Устоев /Тәжікстан/; А. Абдусаттаров, М. Вахидов /Өбекстан/; Ш. С. Агаев, А. С. байрамов, А. Т. Баќшалиев /Әзірбайжан/; М. А. Мазманян, Л. А. Саакян /Армения/; А. С. Гучас /Литва/ ; Я. М. Анспак, И. Э. Плотниек /Латвия/; К. А. Рамуль /Эстония/, т.б. еңбектерінде бұрынғы ССРО еліндегі психология ғылымдарының тарихы, оларда көтерілген іргелі де келелі теориялыќ проблемалар мен әдіснамалық арналар жайлы кесек зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды, ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақстан жағдайында да ұлттыќ тәлім-тәрбие саласының єр түрлі проблемалары, әсіресе қазақ психологиясының сан ғасырлық тарихы зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың ішінде А. Ақажанованың, Н. Жєнділдиннің, К. Жөкештің, Н. Елікбаевтің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, В. Чистортын т.б. еңбектерін аймар едік. Сондай-ақ, қазаќ халқының психологиялық мұрасының қазіргі кезде жекелеген мєселелеріне арналған зерттеулер /Ә. Алдамұратов, С. Жақыпов, Ж. Намазбаев, К. Өмірбекова, Р. Сүлейменова, Қ. Рахымбеков, Ж. Түрікпенұлы т.б. / бар. Халқымыздық он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің тарихындағы аса көрнекті ғұлама тұлғалар көптен бері зерттеу объектісіне айнала бастады. Ғалымдарымыз Әбу Насыр әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махм±діњгек Ќашќаридіњ, Ыбырай Алтынсаринніњ, Абай Ќ±нанбаевтыњ, Шєкєрім Ќ±дайберді±лыныњ, М±хтар Єуезовтыњ , Маѓжан Ж±мабай±лыныњ м±раларын педагогикалыќ жєне психологиялыќ т±рѓыдан талдауѓа, диссертациялар ќорѓалды. Сондай-аќ, «ќазаќ халќыныњ тєлімдік ой-пікірлер антологиясы» /Алматы. – Рауан. – 1995/, «Ќазаќ тєлім-тєрбиесі» /Алматы. – Санат. – 1995/, «Ќазаќ психологиясыныњ тарихы» Алматы. – Ќазаќстан. – 1996/ т.б. осы секілді ірг елі ењбектер жарыќ кµрді. Тоталитарлыќ режим т±сында ќуѓын-с‰ргінге ±шыраѓан халќымыздыњ аса кµрнекті ѓалымдары, ќоѓамдыќ ќайраткерлер – А. Байт±рсын±лыныњ, Х. Досм±хамед±лыныњ, М. Дулатовтыњ, Нєзипа Ќ±лжанованыњ, М±нара±стафа Шоќайдыњ тєлім-тєрбие саласындаѓы ѓылыми м±ралары зерттеле бастады.....
Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен, әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті . 1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен “ өтіп шығамыз деген ниетте болды. Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік көтеріліске аяғынан тік тұрғызды. Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап ....
Рәміздер –тәуелсіздіктің нақты белгісі. Олардың қатарына –әнұран , елтаңба, ту жатады. Бұлар - әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, әдет-ғұрпын ,тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін қымбат таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат құрметтейді. Рәміздер - біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айнасы. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылды ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл - рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.......
Мақсаты 1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу. 2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту. 3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу Сабақ түрі: жаңа сабақ, дидактикалық ойын Көрнекіліктер: суреттер, көңіл - күй галереясы Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекілік; т. б. .....
Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз! Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакаттар, слайд Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән - күй Әдіс - тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап. Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.
Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты. Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, апайлар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз. Қане, бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы. Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын. Тәрбиеші: Ия, балалар, осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса ерекше күн деп есептеп, тақырыбымызды «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»,- деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. І Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен. - Сәлеметсіңдер ме балалар? - Балалар, бұл қай мемлекет? - Қазақстан Республикасы - Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала? - Астана қаласы - Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? - Ия, көмектесеміз......
ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сондықтан, қазіргі математика ғылымдарының, алгебра ғылымының атасы болып саналады. Қазіргі "алгебра", "алгол" және "алгоритм" сөздері соған байланысты. Яғни бұл ғұламаның есімінен (Алгоритми) тікелей шыққан...
Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының Орталығы болған Бағдад қаласындағы "Даналық үйінде" өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкіпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді. Ғалымды замандастары "Әл Мажуси" деп мадақтаған. Бұл араб тілінен алғанда "Ғажайыптар иесі" деген мағынадағы сөз. ....