Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы .....
Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда, қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда, Қараханның қамшысы түсіп кетеді. Сол арада көп кісі – қырық уәзір, қырық кісі, тегісімен атынан түсе қалып, ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны ұстап, тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап: «Япыр-ау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп, құрмет істегендей, мен сонша қадірлімін бе? Халық жақсы құрметтейді екен ғой»,— дейді. Мен бұған шүкіршілік қылайын, халықтың маған істеген сол құрметіне......
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» - деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт - санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды. Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ - лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды. Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам - қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал - әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс - әрекеттерге көшу саясаты басталды. Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады. ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды. Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4] Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады". Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады. Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,]. Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11] Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен. Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды. Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді ....
Кіріспе Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады. Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі. Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. ....
1993 жылы эксперттер тобы Европалық Одақ тапсырысы бойынша Европа және Ғаламдық ақпараттық қоғамдастық атты материал дайындады.Бұл материал ақпараттық және комунникациялық технологиялар-жаңа өндірістік революцияны алып келді деп айтылады.Бұл революция ақпарат негізінде ,ал технологиялық мүмкіндіктер адамның иетелектуалдық мүмкіндіктерін ұлғайтады және адамзат қауымдастғының байланысы мен өміріне, біріккен жұмысына өзгеріс енгізеді. Мінездемелерде мұндай технологияларға мысал ретінде Іnternet компьютерлік жүйесінің ғаламдық қауымдастығын келтіруге болады. Бүгінгі күнде естілуі ұқсас екі термин қолданылады-іnternet және Іnternet.іnternet термині-TCP/ІP хаттамалатобы тобы негізгі пайдаланылатын мәліметтерді алмасу технологияларын түсіндірсе, ал Іneternet-Әлемдік тораптардың ғаламдық қауымдастығы,олар мәліметтер алмасу үшін іnternet-ті пайдаланады.Іnternet өз бастауын көптеген жаңа технологиялар сияқты, АҚШ-тың қорғаныс жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған әскери бағдарлама ретінде басталды. Ядроллық қаруды тәжірибеден өткізген елге мәліметтерді берудің сеімді жүйесі қажет болды.1964 жылы RAND өзінің ұсыныстарын жариялады,оның мазмұны мынадай: 1) ол орталықтанған болмауы керек. 2) ол жеке сегменттерден тұрыу керек. Осылайша жүйенің әр-бір түйіні басқаларынан тәуелсіз болады және мәліметті қабылдауда немесе беруде өзі жауап береді. Ақпараттық алмасудың негізінде пакеттер коммуникациясы принципі жатыр.Әр-бір ақпараттық хабар пакет деп аталатын бөліктерге бөлінеді, әр-бір пакет адреспен қамтамасыз етіледі. Пакеттер торап арқылы беріледі және алушы-түйініндегі хабарға жинақталады. Пакеттердің қандай да біреуі жоғалып қалуы мүмкін, бірақ хабарламалар толығымен адресатын табуына мүмкіншілігі бар. Бастапқы кезден-ақ ақпаратты беру немесе қабылдау кезінде байланыстың түрлі каналдары пайдаланылуы мүмкін екндігі белгілі еді(радио, телефон,ажыратылған линиялар және т.б.). 60-ші жылдардың басында пакеттер коммуникациясы негізінде RAND,Масачусецтік Технологиялық Институт және Калифорниялық Университет бірікті. 1968 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективалық ізденістер Агенттігі қорғаныс,ғылыми немесе басқарушылық орталықтардың суперкомпьютерлерін бір жүйеге бірктіріп, оған ARPANET деген ат берді.1969 жылы жүйде төрт компьютер болса, 1971 жылы-он төрт, ал 1972 жылы-отыз жетіге жетті. 70-ші жылдар-Іnternet технологиясының өсу процесімен көзге түседі. Сонымен қатар тораптың негізгі салмағы есептеуге емес, коммуникациялық хабрларға кететіндігі мәлім болды(почта және хабарлар).Бұл электрондық почта және телеконференция жүйесінің дамуына алып келді. Осы жылдары мәліметтер алмасу технологиялары жетілдіріліп жатты жатты және APARNET-тің бірінші хаттамаларының орнына “ Transmіssіon Control Protcol” және ”Іnternet Protocol” деген жаңа стандарттар келді(1982 жыл). Біріншісі ақпараттық хабарламалардың пакеттер және оны тарату әдістерін көрсетсе, екіншісі жүйедегі адресацияны басқарады. Бұл екі хаттама жүйеаралық алмасу хаттамалар тобына Іnternеt шеңберінде жасалған-ТСР/ІР хаттамалар тобы деген ат берді ....
Сынға түскен екіұдай тұста мына, Қарамайды ол бақытқа, бас қамына. Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл, Әлемді де әдемі басқаруға! Ғ. Қайырбеков Менің туған жерім – Керей мен Жәнібек бабаларымыз қалаған қазақ жері. Қарға тамырлы қазақ халқының көздің қарашығындай сақтаған осынау қасиетті мекені ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Сол себепті де, осындай алып Отанды сүйіп өту - кімге де болсын қасиетті парыз, абыройлы міндет.Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Бұл шексіз махаббатты туған анаңа, асқар таудай әкеңе деген махаббатпен теңестіруге болады. ......
Елбасының әкесі Әбіш атасы Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен үлкен Үмбет, Шалабай деген ұлдары, бір қызы болған екен. Қызы жас кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір ауқымды аймаққа билік жүргізген, қолында мөрі бар адам екен. «Назарбайдың жазығы», «Назарбайдың диірмені» деп аталатын жерлер әлі де бар. Назарбай Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауларын қоныстаған екен. Назарбай атасы дүние салғаннан кейін мөрін елбасының әжесі Мырзабала ешкімге бермей өз қолында ұстаған. 1929 жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Коллективтендіру» деген бәле келді.......
Жеке тәжірибені игеруді үйрену деп атайды. үйренудің түрлерінің бірі шартты рефлекстердің қалыптасуы. үйренудің толып жатқан түрлері бар. үйрену естің арқасында жүзеге асады. Ес дегеніміз – бұл орталық нерв жүйесінде өтіп жататын және жеке тәжірибені жинақтап, сақтау және оны қайта еске түсіруді қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы. И.М.Сеченов (1-сурет) егер адам ес болмаса мәңгі бақи туған қалпында қалар еді деп жазды. Ес болмаса, адамдар «күнелткен мақұлық» болар еді, өйткені бүкіл түйсік аутаулылар, сыртқы дүние бейнесі атаулының барлығы пайда болған сайын із-түссіз жоғалып кетіп отырар еді. Есінен айрылған адамның қандай халде болатынын ми қызметі қатты бұзылған науқас адамнан байқауға болады. Мұндай науқас өзінің кім екенін, қайда екенін ұмытады, сол күні өзінің не істегенін білмейді, кітаптың бір бетін қайта-қайта оқыса да мазмұнын жадында сақтай алмайды. Ол еңбек ете алмайды, тіпті қарапайым дағдыны да игере алмайды. Жеке тәжірибесі жинақталмағанда адам тіршілігінің кәдімгі өрісі бұзылып, мүгедек болып қалады. ....