Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру


Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін қүрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны қүрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін қүрастыра білу - қажетті мәселе.
Тақырыптың теориялық қолданылымы
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы түрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Ол үшін:
- ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
- мәтіннің қүрылымын анықтау;
- мәтіннің жасалуы үшін оны қүрайтын элементтерді, сөйлем
қайырым ерекшелігін көрсету; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін жіне грек рим күресімен айналысатын спортшылардың төзімділік дайындығы

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Спортшының жұмысқабілеттілігі бұлшық ет қызметінің әр түрімен айқындалып, адамның дене жұмысына қабілеттілігімен және дайындығымен айқындалады. Дененің жұмысқабілеттілігі қазіргі таңда бірқатар сала мамандарының қызығушылығын туындатып отыр [1].
Дене жұмысқабілеттілігі адам тіршілігіне маңызды, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жарамды өндірістік қызметтің бірқатар түрлерімен анықталады.
«Дене жұмысқабілеттілігі» термині кеңінен қолданыста бар, дегенмен осы күнге дейін негіздемелі анықтамасы жоқ. Бар анықтамалардың өзінде ағзаның функционалды күйі мен еңбек тіимідлігі ескеріле бермеген. Жұмысқабілеттілік көбіне кәсіи қызметпен астарланып жатады [2].
Күрес спорттық қызмет түрі ретінде күрделі бағдарлы болып келеді. Осы сала спортшысының дайындығын жетілдіруде күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік сияқты дене сапаларымен қатар иілгіштіктің де маңызы зор. Олай болса, спорттық күресте жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін күресшінің дене дайындығы деңгейімен қатар дене дайындығының, қимыл қасиеттері дамуының маңызы зор [4].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Қара зере (черный тмин) — ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.
Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Деректер қоры

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Кітап қоймасының деректер қоры деп аталады. Бұл деректер қоры басқа да бағдарламалар секілді Delphi тілінде жасалады . Delphi тілі мен Access бағдарламасының көмегімен жасалған.
TurboPascal-ды жетілдіре отырып Borland фирмасы көптеген жетістіктерін ұсынды.Паскаль тілі бағдарламаны оқыту тілі ғана болды. Кейіннен паскаль қиын да қызықты бағдарламалар мен басқа ида жетістіктерге жетті . Техникалық эвалюция кезегімен жеке компьютерлердің көптеген жетістіктері OC-MSDOS жүиесіндегі Windows бағдарламавларының көмегімен өте қызықты әрі жетілдірілген программалық жүиелер шыға бастады .
1993-жылы MicroSoft- фирмасы ең бірінші қарапайым бағдарламалау тілі VisualBasic Жүйесін шығарды. Borland өзінің өнімін шығарды оның аты Delphi.
Delphi-бұл Windows жүиесінде жұмыс жасай алатын бағдарлама. Delphi-дің бірінші версиясы Windows 3.1.жүиесінде жұмыс жасайтын. Windows95 жүиесі шыққаннан кейін Borland фирмасы 16-разрядтық версиясын шығарды Delphi 2 , одан кейін заманға сай 32-разрядтық Delphi 3, кейін келе Delphi 4.., 5,.. 6,7...шыға бастады.
Delphi көптеген элементерден тұратын бағдарламалау жүиесі . Delphi кәсіпқой программистер жұмыс істеуге арналған . Студенттердің алдында Delphi – ді Widows жүиесі бойынша жұмыс құру , және соны оқып білуге мақсат қояды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.
Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін»
Назарбаев Н.А
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Атамекен! Тарих!......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қасым хан

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.
Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын озық мәдениетті адам қалыптастыру.
Мұғалімге қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет.
1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дәулет Тұрлыханов (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Дәулет Тұрлыханов
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 6-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты: Драма мәтінінен алынған үзінділерге сүйене отырып креативті жазу жолдарын меңгеру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0