Шығарма: Қазақтың салт- дәстүрлерін құрметтеу – борышым

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт- дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен , ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары

Кіріспе
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Мемлекет жане кукыктын пайда болуы

КІРІСПЕ
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
§1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚОҒАМ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЫДЫРАУЫ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықгар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғам-ның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың кұн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Тұрар Рысқұловтың өмір жолы

Кіріспе
Қазақстан республикасы - қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті . тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ. ол ұлы белестерден, қиын қыстау асулардан тұрді. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қажетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу қазыргы таңда зор маңызға ие болып отыр.
ХХ ғ. басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелсіздіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясат күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса саяси ірі жетекшілерінің бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Химия пәні мен құрылымы

1.Химия
Химия химиялық элементтерді (атомдарды ), олар түзетін жай және күрделі бөлшектерді ( молекулалар),осы бөлшектердің өзгеруін және заңдарын оқып үйренетін жаратылыстану ғылымдарының бір тармағы.Д. И.Менделеевтің анықтамасы бойынша «Химияны қазіргі жағдайда элементтерді оқып үйрену деп атауға болады». [«Химия» сөзінің қалыптасуы толық зерттеліп бітпеген.Көптеген зерттеушілердің болжамы бойынша, бұл сөз Египеттің химия деген бұрынғы атауына негізделген.(грекше Сһе Плуархта кездеседі ).Ол «хем» және»Хаме» қара жер жайлы ғылым египет ғылымы деген мағына береді.]Қазіргі заманғы Химия басқа ғылымдармен қатар ауыл шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты .Материяның жылжуының химиялық формаларының саналық ерекшіліктері және оның басқа қозғалықа өтуі химия ғылымының жан жақтылығын жәе басқа ғылымдар байланысын өте төменгі және өте жоғарғы формаларын оқып үйренеді .Қозғалыстық химиялық формасын тану табиғаттың дамуы ,Ғаламдағы заттардың эвалюциясы ,әлемнің толықтай материлистік суретінің қалыптасуына ықпал етіп,жалпы білімді байытады.
Химияның басқа ғылымдармен жанасуы олардың өзара енуінің спецификалық облыстарын тудырады.Осылай химияныңфизиканың бір біріне өтуін физикалық химиямен және химиялық физикамен көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар №1 (1 сынып, 2 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы:Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар.№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Зейін қойып тыңдау.
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды
1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінгенін түрлі ым-ишарамен көрсете алады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.5 климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
Сабақ мақсаттары: климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін анықтайды
адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақтың тақырыбы: Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
5.3.2.2 жаулаушылық соғыстары мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекарасына әсер етуін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: • Римнің көне замандағы қуатты империяға айналуына әсер еткен факторларды анықтау. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақ тақырыбы: Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • Заттарды электрөткізгіштігіне қарай жіктеу
• Электрөткізетін заттардағы химиялық байланыс түрін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Естен тану

Естен тану



Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.

Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.

Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.

Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:

- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;

- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;

- қан кетуді тоқтату;

Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;

- тыныс алу жолдарын босату;

- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;

- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);

- жылумен қамтамасыз ету;

- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;

- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;

Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.

Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады......
Рефераттар
Толық
0 0