Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Автомабильдердің электротехникалық және электрондық жабдықтары

Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;
- оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
- оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Табақ тартуды білеміз бе

✅ Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі.
Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі –ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министірлігінде былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогрессденгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетелдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан жақты білімді, мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олрдың бірі –Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы(13 мамыр,1992ж. ),екіншісі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан 1994ж.).Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жәніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»(7 шілде 1994ж. ).
Оқу тәрбие жұмысына тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралын құрастыруда толық пайдалынады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Қоғам жүйе ретінде

Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты санаттарының бірі болып табылады.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга¬никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана түсініледі. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар, сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшыл-дығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде, ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Екі дос №1 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Екі дос №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Шағын мәтіннің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, тірек сөздермен қарапайым сөйлемдер айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтайды, сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданады, өз пікірін білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7-сабақ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 7-сабақ. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- үлгі негізінде сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сызба негізінде сөйлемдерді құрастырады;
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды,түрлі жағдаяттарда жүйелі,сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климат өзгерісі (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климат өзгерісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7. Т/А1 Болжау
Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
7. ӘТН2 Орфоэпиялық норма
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар тыңдалым бойынша мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.
Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналап, әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады
Көптеген оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді қолданып сахналай алады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ө әрпі бойынша ат қою)

ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.

ӨРБИКЕ - қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.

ӨРЗИЯ - асқан сұлу, адемі қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0