Сауат ашудан сабақ жоспары: Ақын болғым келеді (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Ақын болғым келеді.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Оқу мақсаты: Сюжетті сурет бойынша әңгіме және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Жансая Мусина Ғалымжанқызы (1985 жылы 12 наурыз)

Жансая Ғалымжанқызы Мусина (1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған) — айтыс ақыны. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2017).
Жансая Ғалымжанқызы Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген.
2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген.
2002 - 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты.
2005 жылдан айтыс өнерінде.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Кит

Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит.
Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.

Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.

Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Информатика курсы бойынша білімді бақылауды автоматтандыру

Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста білімді тексеру жүйесінің әдістемесі мен теориясы қарастырылады және соған орай "білімді тексеру жүйесінің программалық қабықшасы" деп аталатын программалық құрал жобасы беріледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Менің мақсат, армандарым!

Мен О.Қ.О Ордабасы ауданының шағын ғана Ытынмақ деген ауылында, 2001жылдың қазан айының 12-інші жұлдызында өмірге келдім. Менің отбасым өте үлкен. Себебі, біз атам, әжем, анам, әкем, ағам, інім, 3сіңілім және мен, бәріміз тату тәті жанұямыз. Кейде отбасыммен мақтанып та аламын. Мен шыр етіп өмірге келген сәттен-ақ, бәрі мені еркелетіп, қатты ерке болып кетіппін. Бірақ, отбасымда ең үлкені болғандықтан көп еркелей алмадым. Не дегенмен еркелігім кейін сейілді. Мен кішкентай кезімде айтқанымды істетпей қаймайтын қырсық болып өстім. Не болса да ешкімнің көңіліне қарамай, еш ойсыз, түсінусіз болғандаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0