Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдер айтысы

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері, аудиожазба.
Оқу іс әрекетінің барысы: Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік.
Тәрбиеші: - Балалар, ал аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.)
- Менің атым Гүлбағым, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Қайрат, мені атам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Салтанат, маған анам «құлыншағым» дейді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің ойыншықтарым

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әртүрлі ойыншықтар.
Билингвальды құрағыш: Ойыншық – игрушка

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіздер ме балалар. Қайырлы таң. Бүгінгі күніміз көңілді, шуақты, cәтті өтсін.
Шаттық шеңбер:
Кішіге де сіз
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Ойыншықпенен денеміз
Шынығамыз, өсеміз
Жылдан - жылға
Бір жылға
Үлкен болып өсеміз
- Балалар айтыңыздаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Үш айдан тұрады.
- Аттарын атайықшы.
- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Ауа - райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде күн суық, аяз, боран, көк тайғақ болады, арасында қар жауады.
- Өте жақсы балалар.
- Ал енді балалар бос уақыттарыңызда не істейсіңдер үйде, балабақшада?
- Ойнаймыз.
- Немен ойнайсыңдар?
- Ойыншықтармен.
- Ия, дұрыс. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы және жаман мінез №2 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы және жаман мінез №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4 Оқыған/ тыңдаған материлды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сурет және тірек сөздер негізінде мұғалімнің көмегімен оқиғаны мазмұндайды, жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сурет және тірек сөздер арқылы оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, сөздердің орын тәртібін сақтап құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Мазмұндау барысында өз пікірін білдіреді, өз бетінше жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Ауызекі сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Мұғалімнің көмегімен тақырып анықтау
Оқушылардың көпшілігі:
• Тақырыпты өздігінен анықтай алады
Кейбір оқушылар:
• Негізгі ойды анықтай алады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрлан Өнербаев (1961 жылы 4 қараша)

Нұрлан Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. Ол өнер жолын театр әртісі ретінде бастағанын тыңдармандардың көпшілігі біле бермейді. М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірген жас актер әкемтеатрда 10 жылға жуық уақыт қызмет етіп, 15 шақты қойылымда ірілі-ұсақты рөлдерде ойнады. Театрда жүрген кезінде ән айтуға ден қояды. 1984 жылы сахнаға алғаш ән айтып шыққан әншінің бүгінде 300-ге жуық әні бар. Олардың арасында «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндері, сондай-ақ халық әндері «Дудар-ай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері халық арасында жақсы танылды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар

Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау.
Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау мүмкіндіктері

Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Бұл
негіздеме Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан-жақты
айқындалған: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру

Бұл курстық жұмыс «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1 стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға , меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.
Кәсіпорын қаржысы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қажы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп ақпараттың пайдалығына қатыссыз жыл сайын құрылытын есеп.Қаржылық есеп пайдаланушыларға шынайы айқын мәліметтер береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0