Курстық жұмыс: Математика | Туынды ұғымына келтіретін есептер

Кіріспе
Түзудің бойындағы белгілі бір кесіндінің бүкіл бойы қандай да болса бір затпен толтырылған болсын. Бұндай материялық кесінді үшін ені мен жуандығы еске алынбаған стерженьді аламыз. Егер берілген кесіндінің,ұзындықтары бірдей,кез келген екі бөлігінің массалары тең болса,ол кесіндінің массасын бір текті дейді.
Бізге [a,b] сегментінде анықталған y=f(x) функциясы берілсін. Анықталу облысының кез келген нүктесіндегі туындысы туралы сөз қылғанда шеттік нүктелердегі туындылар туралы мәселе де қамтылады.Басқаша айтқанда: біріншіден,егер, y=f(x) функциясының [a,b] сегментінің сол жақ шетіндегі туындысы туралы сөз болып отырған болса, онда нольге тек оң жақтан ғана ұмтылғандағы қатынасының шегін табу керек.
Ақырлы туындыны геометриялық тұрғыдан қарағанда жанаманың бұрыштық коэффициенті деп түсінетініміз бұрын айтылған. Ақырсыз туындының геометриялық мағынасын да дәл солай түсінеміз, бірақ соңғы жағдайда жанама ординаталар осіне параллель болады.
Функцияның ақырлы біржақтық туындыларының бар болуы мүмкін болса, сол сияқты , оның ақырсыз біржақтық туындылары да болуы мүмкін. Ақырсыз біржақтық туындылардың бар болуының аналитикалық сипаттамасы олардың таңбаларының әр түрлілігі болса, геометрияша сипаттамасы жалғыз ғана вертикаль жанаманың бар болатындығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық және заң Мұрагерлік құқық

Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің жиынтығы.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағыныда қолданылады. Біріншіден «құқық» ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берілген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден, «құқық» – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар:
1) Әлеуметтік нормалар
2) Техникалық нормалар
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құрамына айналады.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
құқық нормасы
• моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттық, парасаттылық, адамгершілік, т.б. қасиеттері.
• саяси нормалар
• эстетикалық нормалар
• қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
• әдет-ғұрып нормалары
• салт-дәстүр нормалары
• діни, имандылық, инабаттылық нормалары ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 -эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
(«келісу, келіспеу» эссесі).
6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Көтерілген мәселені жан-жақты талқылайды;
• Тақырыптан ауытқымай, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;
• жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мұғалім

Мұғалім – сенің екінші анаң. Мұғалім сенің тәрбиелеушің. Ол кісі бар білгенін бізге үйретеді. Мұғалімге біз ол кісінің баласы секілдіміз. «Ұстаз-ұлы тұлға» деп бекер айтпайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | 41 жылғы келіншек


— Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?

Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

— Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

Ол үндемеді.

— Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.

Ол үндемеді.

— Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.

Ол үндемеді.

— Босағада тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.

Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып,ілгері аттайын деп еді — орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.

Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Елді-мекендерді автоматтандырылған есепке алу және бақылау жүйесін әзірлеп электрмен жабдықтау

Кіріспе
Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр жүктемесі өскендеріне байланысты, электрмен жабдықтау сенімділігінің талаптары өседі.
Осыған байланысты, кәзіргі уақытта трансформаторлық қосалқы бекеттердың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алалмайды және өлардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы өте төмен.
Айтылған сөзге байланысты бұл дипломдық жобада трансформаторлардың қорғану сұрақтарын ойластырып жасап,Алматы облысының Жамбыл ауданының «Белбұлақ» ауылындағы жабдықтауды жобалауға мақсат қойылған.
Қарастырылып отырған жобаның тақырыбы «Энергияны үнемдеу және автоматтандыру» кафедрасында қарастырылып жобалауға ұсынылған.
Диплом жұмысын орындау үшін диплом тәжірибесінде жинаған материалдар сызбалар құрылғылардың сипаттамалары және басқа қажет ақпарат қолданған.
Дипломның құрылысы құрған кезде ауылшаруашылығын электрмен жабдықтау бойынша дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар қолданған.
Жобалардың тақырыптары қазіргі талаптарға сай барынша ауыл шаруашылығының нақты жағдайларына жақындатылған.
«Белбұлақ» ауылының жүктемелік қуатының өсуіне байланысты 35/10 кВ трансформаторлық қосалқы бекетінің кеңейтуіне дипломның негізі болып саналады. Мұнда бөліктері электр жүктеменің есебіне кернеу ауытқуын табуына трансформатордың типін таңдауына қысқа тұйықталу тоғының есебін шығаруына электр қондырғыларың таңдауына және релелік сұлбалалары құрастурына арналған.
Дипломдық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын – арнаулы мәселе және экономика жасалған, еңбекті , азаматтық қорғау және электр жабдығын эксплуатациялаудың қауіпсіздік жолдары көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы

К і р і с п е
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары)
Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік,жан ашу,қиыншылықта бірге болу,ниеттестік,жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0