«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).
Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. .....
Кіріспе Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар. Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар. Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз. Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр. Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр. Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет. Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі негізгі тірек етіп алынды. Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың «Қарғын» романы алынды. Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің «Қарғын» романынан жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық әдіс те қолданылды. Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды. Зерттелудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы көмекші сөздер, шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да өзіндік үлесін қосады. Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық маңызын арттыра түседі.....
Жабайы картоп осыдан 13 мың жыл бұрын Оңтүстік Американың Чилий жағалауында өскен деген мағлұмат бар, яғни жер шарындағы ауыл шаруашылығының дамуынан бұрын өскен. 7 мың жыл бұрын картопты Анд тауының маңында мекен еткен оңтүстік американдық халықтар еккен. Оңтүстік Америкадан картопты осыдан 400 жыл бұрын Испанияға алып келген. Ал Ресейге ұлы Петрдің басшылық еткен жылдары алып келінген және одан әрі дамыған. Ал Америкаға картоп Еуропадан әкелінген. Әлемде әр жыл сайын 100 млрд АҚШ доллар есебінен картоп егіледі. Өте дәмді әрі қайталанбас тағамдық азық ретіндегі картоптың құрамында: көмірсу, протеин, дәрумен, минералды тұздар болады. Оның түйнегінде жұмыртқаның ақуызының құнарындай болатын 15-тен 30 %-ға дейінгі құрғақ заттар болады. Адам ағзасына крахмалмен бірге түсетін көмірсулар энергия көзі болып табылады. Картоп протеины алмастырылмайтын амин қышқылымен қамтамасыз етеді. Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі. Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады. Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын С дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен басқа адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В дәрумені жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР, жэне К дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді. Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар картой шырыны өте құнды болып табылады. Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар құнды элементтермен: кальциімен, темірмен, йодпен, күкіртпен қамтамасыз етеді. Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан, қан аздықтан, гастриттен қорғайды. Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді, нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді. Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде қолданылады. Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және әртүрлі картоп шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады. Картоптың халық шаруашылық маңызы зор. Ол адамға тамақ, малға азық ретінде қолданылады. Отанымыз картоп егісінің көлемі және картопты қай аймақта болмасын өсіруге мүмкіндік береді, соған қарамастан қндірілетін картоптың мөлшері республика халқының қажетін толық өтей алмауы мүмкін. ....
Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді. Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақ тақырыбы: Кейіпкерді тану Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау......
Пән: Қазақ әдебиет Бөлім атауы: Таза, мінсіз асыл сөз Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1. Әдеби шығарманың композициясы А/И3. Көркем шығарманың тілі Сабақтың мақсаттары: 5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. 5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (1-нұсқа) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.4.1 – мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ескеріп сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтайды.....
Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан.Орта жүз ішінде керей тайпасынан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өзені бойында .....