Шығарма: Соғыс зардабы

1942 жылы шілде айында жарты жылға созылған Сталинград шайқасы басталды. Фашистік Германия совет әскерінің қарсылыстығын тез арада жойып, тоқтамас шерумен Волгаға дейін жетуді жоспарлаған. Волга мен Дон өзендерінің арасында қанішер соқтығыстарда көптеген әскерін жоғалтқанымен, қарсыластарымыз біздің әскердің қорғанысын бұзып, Сталинградтың солтүстігіндегі Волгаға қол жеткізді. Күндіз-түні қантөгіс соғыстың шуы басылмады, бүкіл қала от пен түтін астында қалды. Волганың өзі алау астында көрінді. Соғыс шегі қараша айында Волга өзенінен бір шақырым жерде өтті, көптеген стратегиялық маңызды биіктер фашистердің қол астында болды және сол биіктерден фашистер совет әскерлерін атқылады. Көптеген адамдардың мерт болғанына қарамастан, Сталинград қаласын алуға бірінен соң бірі жаңа вермахттың бөлімдеріне келіп жатты. 62 әскер басқарушысы генерал Чуйков В.И. былай деп жазған: «Гитлер бүкіл Германияны осы бір қаланы алу үшін құрбан етуге дайын болып көрінді».
1942 жылы күз айында Сталинград ауданына 70-тен көп жаңа дивизиялар жұмылдырылды, қарсалыстан күші 2 есе өскендей болды. Бірақ дұшпан жерімізге тереңдей кірген сайын, Сталинград қорғаушыларының қарсыластығы күшейе түскендей болды. Сталинград жерінің әр метрін, әр көшесін, әр үйін тіспен қорғады.
Біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Архипович Легостаев Сталинград шайқасына қатысқан кезінде жарақат алып көрген тәжірибелі солдат еді, бірақ сол жерде басынан кешкенді соғыс аяғына дейін көрмеді. «Сталинград жерін қатерлі темір-терсек басып қалды. Топырақты уыстап алып, саусақ арасынан терсек, қолында оқ болмаса, жарқыншақ қалар еді. Бұл жерде болған нәрсені сөзбен айтып жеткізуге болмас . Тоқтаусыз бомбылау, артиллериялық және минометтік атыстар. Бірінен соң бірі жалғасқан немістік әскерлердің шабуылы. Шайқас трактор зауытының ғимараттарында да жүргізілді, әр көше үшін, әр ғимарат үшін қантөгіс болды. Ғимараттар кейде «қатпар- қатпар пирогті» еске түсірді. Астыңғы қабатта біздікілер, ортаңғыда – жау, одан кейінгі қабатта -біздікілер. Кезектес жетістікпен ғимараттан бір-бірімізге отпен қуып отырдық ». Сталинград қабырғаларында гитлерлік ең мықты әскерлерді жинап, оларға керемет соққы беріп, қала қорғаушылары осы қантөгіс соғыста жеңіске бет бұрды. Сталинград түбіндегі жау әскерлері 1943 жылы 2 ақпанда көзі жойылды. Сталинград түбінде 200 күн шайқас кезінде вермахт 1,5 миллион адам жоғалтты......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.1 - қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану
Сабақ мақсаты: Көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасуы мен рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: История города Севастополя

История города Севастополя уходит корнями в глубь веков. В окрестностях Севастополя обнаружена стоянка неандертальцев. Более поздние стоянки корманьонцев - Мурзак-Коба, Фатьма-Коба и Шан-Коба. Примечательно, что "Коба" в переводе означает - пещера. И действительно, все перечисленные стоянки находятся в пещерах. Следы пребывания древних людей также найдены на берегу Ласпинской бухты и в других местах в границах современного Севастополя.
На территории Севастополя в разное время оставили....
Сборник рефератов
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ТАЙҚАЗАН

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.
Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік негізінен міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды және мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін.
І. Тарау. Мемлекеттің меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы
$.1.меншіктің теңдік жағындағы ерекшеліктер
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз¬¬¬- мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында танылған меншіктердің екі формасының біреуі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0