Холецистит ауруының алдын алу

Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын аш қарынға екі алмұрт жеу керек. Сонымен қатар кептірілген алмұрттан компот қайнатып ішуге болады. Бірақ қант қосудың қажеті жоқ.

Тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына жарты шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз немесе сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қойып, тұтынуыңызға болады.

Сонымен бірге мынадай қоспа дайындаңыз: 1 қасық ашытқы, 2 шай қасық қант, 1 стақан су, 1 стақан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салу қажет. Дайын қоспаға сайын таңертең кілегей майын қосып жеңіз.

Бұл әдіс тек холецистит емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларына қарсы күресіп, алдын алуға көмектеседі. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринар | Ет және ет өнімдеріне бактериологиялық әдістермен зерттеулер жүргізу

КІРІСПЕ
Республикамызда халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде қойдың маңызы өте зор, себебі ол етке қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар қой жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігінің негізін қалайды. Қой еті халқымыздың ерте заманнан келе жатқан негізгі тағамы. Ал ет адам организмінің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті ақзаттың малдың, көмірсудың, витаминдердің, минералды заттардың негізгі көзі.
Әрине, кейбір жағдайларда ет арқылы адамға әр түрлі ауру да жұғуы мүмкін. Сондықтан мал дәрігері тағамдық өнімдерді өндіруде сатуға қатаң бақылау жүргізу қажет.
Елімізде мал санын көбейтуде және одан алынатын өнімнің мөлшерін, сапасын арттыруда малдардың індетті, инвазиялық ауруларының тигізетін әсері орасан зор. Соңғы жылдардағы паразитооздардың алдын-алу жұмыстарының толық және уақытылы жүргізілмеуі бұл аурулардың кең таралуына әкеп соқты.
Сонымен індетті, инвазиялық аурулардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор.
Сондықтан, ауру мал етінің сапасын биологиялық, тағамдық құндылығын анықтау ветеринариялық санитариялық бағалау нормаларын белгілеу, ветеринария ғылымының маңызды мәселелерінің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - өз елімнің патриотымын

Мен тәуелсіз Қазақстанның қыранымын, өз елімнің аман -сау алып қалу үшін өз өмірлерін қиған ағаларымыздың үкілген үмітін ақтап, туған халқымызға адал қызмет етуге уәде беремін.«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалыққа айналды. Ел басып ,еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып , дамыған елдер қатарына көріндік, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп , айбынымызды жаһанға таныттық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: . Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсiру – отбасының, орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халықтық жолдауындағы «Қазақстан - 2030» стратегиясында (1997); Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» заңында (1999); - Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай жасау – деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: - «Бiлiм беру iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл жүйедегi – оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi – үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру, көкейкестi мәселе болып табылады, » - деп атап көрсеткен едi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мұғалімнің сабаққа дайындығына қойылатын талаптар

Кіріспе
Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Опыну)

Ұқсағым кеп өзімше Абайларға,
Ұрыс ашып мансапқа малай-қарға,
Талаптының берем деп бағын ашып,
Таяқ жеппін болысып талайларға.
Жалпылдаумен жандай-ақ мәңгі жайнар,
Жақсылықты санаппын сәнді қайнар.
Көңілінен дәметкен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық
0 0