Реферат: Қазақ әдебиеті | Иван Алексеевич Щепетков

Иван Алексеевич Щепетков (1910, Алматы қаласы - 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Жеміс-жидек жеу мәдениеті

Жеміс-жидек маусымы басталғалы біраз уақыт болды. Үйде, түзде, мейрамханаларда жеміс-жидек жеудің өз тәртібі бар екен. Егер үйде жеміс-жидек жеп жүрсеңіз, бұған бейресми деп атау берейік. «Бейресми» әдісте қолмен жей береміз, ал ресми отырыстарда ше?

Алма мен алмұрт. «Бейресми» кезде алманы қолмен жей береміз. Ал үлкен дастарханда, салтанатты жиында жеміс-жидек тәрелкесіне салынып әкелінген алманы жеу тәртібі бөлек екен. алманы не алмұртты жемес бұрын олардың қабығын спираль бойымен аршиды. Сонымен қатар, тұтас алманы не алмұртты төртке бөліп, сыртын тазалап, өзегін алып тастайды. Тазаланған жемісті қолмен не жеміс жеуге арналған шанышқымен жейді. Ал ұсақ алманы қолмен жей береді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы

Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады.
Жетекші және анықтамалық ақпарат- оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек нарығы

Кіріспе
Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым « Еңбек нарығы ». Еңбек нарығының тек өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы - бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі - нарықта маңызды институттардың ( мемлекет, корпарациялар, кәсіби
одақтар ) болуы. Осы институттарды ескермей еңбек нарығында ұсыныс пен сұранысқа анализ жасай алмаймыз. Еңбек - ресурс, өндіріс факторы. Еңбектің басқа факторлардан, яғни жер мен капиталдан айырмашылығы , еңбек - адамның қызмет, әрекет етуі. Сол себептен нарықта еңбек нарығының мәселелерін қарастырғанда ресурсқа сұранысты білдіріп, шешім қабылдайтын тек фирма ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, ырқы бар экономикалық субъекттер. Субъекттер еңбек нарығында ұсынысты қалыптастырады.
Еңбек нарығының құрылуы, оның ерекшеліктерінің дәл эту кезеңіндегі маңызы зор, өйткені бұл кезеңге өндірістің кенет төмендеуі мен қарқынның тез өсуі, көп бос жұмыс орындары, жұмысшылардың өндіріс өрісінен қызмет ету өрісіне өтуі және жекешелендіру мен мемлекетті тарау басқаруына шығарумен байланысты мәселелері тән болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері

К і р і с п е
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жер тобының планеталары

Жер тобындағы планеталары-Меркурий, Шолпан,Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы-олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкендірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да)
зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да:геологтар,геофизиктер,топографтар, радиоинженерлер және т.б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жағдайында жақсы сыннан, өткен және планеталардың бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Технология | Айнымалы ток

Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауылшаруашылығында, ұй тұрмысында, тағы басқа халықтың тұрмыс қажеттілігіне кеңінен пайдаланады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салада қолдануын айтамыз. Барық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан, техникалық жоғарғы оқу орындарында «Электр техникасының теориялық негіздері» курын ашуға тура келді. Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізкі базасы болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі бір міндеті, олқұбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағымдары тағы басқа түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті ол құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің идукциясы, қуат ағымдары тағы басқа түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көнекті ғалымдарымен бірлесе отырып електр техникасының маңызды саларыныңбастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.Б.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды.Заттың салмағының сақталу және қозғалыс заңдарын ашты.
А. Вольта (Италия физигі) ойлап тапқан гальваникалық элементтер бағанасынан кейін электр тогын алуға мүмкіншілік туды. 1802 жылы В.В.Петов электр тізбегіндегі процестерді зерттеп электр доғасын ашты және осыларды іс жүзінде жарық шығаруға, металды балқытуға, металдарды пісіріп жалғастыруға пайдалануға болады деген көз қарасын айтты.
Ағылшын ғалымы М. Фарадей 1831 жылы электр магниттік индукция заңын және оның құбылыстарын ашып, дамуына зор үлес қосты.
1883 жылы орыс академигі Э.Х: Ленц индукциялық токтардың бағыттарының араларындағы заңдылықты ашты және олардың электр магниттік, электр динамикалық байланыстарының бар екендігін ашты. Соның ішінде электр магниттік индукциясы негіздерін де ашты. 1844 жылы ол ағылшын зерттеушісі Джоульға тәуелсіз сым темір арқылы ток өткенде шығатын жылу мөлшері сол сымның кедергісіне және сондағы токтың квадратына тура пропорционал екенін анықтады. Әлемде бірінші рет Россияда П. Л. Шилинг1832 жылы электр магниті телеграфын түрғызды.
1845 жылы неміс физигі Г. Кирхгов тармақталған электр тізбектеріне арналған негізгі заңдарды ашты, сонымен ол заңдар Кирхгов атымен аталды.
1976 жылы орыс ғалымы П. Н.Яблочков элетр шамын ойлап тапты, одан бастап электремн жарықтандыру басталды. Бірінші көмір стерженді қыздырғыш шамын орыс инженері А.Н. Лодыгин құрастырғаны баршаға мәлім.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде

1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.
Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0