Реферат: ТЫНЫҚ МҰХИТ ПЕН МҰХИТТЫҢ АРАЛДАР

Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп те атайды — планета бетінің 1/3 -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот және басқа) өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген.
Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.

58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі
Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С. О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халықаралық ұйым құрылған.
59-сурет. Ғылыми-зерттеу кемесі
Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы құрылған.
Түбінің жер бедері. Тынық мұхит — ең терең мұхит. Оның орташа тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді.
60-сурет. Тынық мұхит түбінің жер бедері Мұхит түгелдей дерлік бір литосфералық плитаның үстіне орналасқан, бұл плита өзінің шекарасында басқа плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай өзара әсер ету жер бетіндегі және су астындағы жер сілкінуге, вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде атылған лавалардың көлемі материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе артық болады. Мұхитты жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі «Отты шеңберді» құрайтын көптеген вулкандар бар. Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі . Мұндағы қайраң басқа мұхиттардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол Азия мен Австралияның жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері тік, көбіне сатылы болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән ерекшелігі — оның ең терең жерлері шеттеріне орналасқан. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №2 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2 Сөздердің және тіркестерінің мағынасын түсіну
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және қолданады.Қарапайым айтылымдарды сөйлесуде қолданады.
Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын жаңа сөздердің мағынасын түсінеді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дені саудың - жаны сау (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Дені саудың - жаны сау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың / сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толықтай түсінеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілер оқимын. Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын
Оқу мақсаттары: 2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15-сабақ Уақыт әлеміне саяхат (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: №15-сабақ Уақыт әлеміне саяхат
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді болжайды;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі
шапшаң жазады
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Эпостық спектакльдер (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Эпостық спектакльдер
Оқу мақсаттары: О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• Қазақ тіліндегі стильдің құрылымын анықтайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4. 1 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;
Сабақ мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жаза алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0