Реферат: Биология | Апоптоз

Апоптоз-өте қызықты феномен.Бұл термин пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ.жасушаның бөліну процессін бақылау, оның тірі қалу уақытын анықтау үшін қажет.
Жасушаның даму жылдамдығын анықтау үшін пролиферация жылдамдығы мен өлу мерзімін салыстырады.жасушаның көбею компоненттері стимуляция жылдамдығынан және басу жылдамдығына байланысты.
Жасушаның жойылу жылдамдығына стимуляция және ингиберлеу жылдамдықтарына байланысты.
Каскад процестеріне:
-хроматин конденсациясы
-ядроның ыдырауы
-плазматикалық мембраннаның күптенуі
-жасуша фрагментациясы аоптоз денешіктерінің дискреттігімен байланысты.
Бұл процесс жасушаның бағдарламаланған өкілі.Апоптозға әкеп соқтыратын процесстер әртүрлі болдаы.Норма ббойынша жасушалардың жойылуы:
-ағза дамуында
-жасушалардың физилогиялық жаңаруы
-цитокиндер әсерінен пайда болған атрофия
-вирустық аурулар
Апоптоз инициациясында молекулаларды процестер қатысады
1) екі валенті катионың әсері ( Са(2+) және Zn(2+))
2) апоптоз жасушаларының мембраналарының өзгеруі
3) сигналдық тарау жолдары
Әрбір клеткада өзіндік жеке «гильотинасы» болады.Егерде жасушаның өзінде немесе оның айналасында экстраординарлық шұғыл жағдайлар орын алса, жіп үзіліп гильотин төменгісі жасушаның «ұқыпты» өліміне соқтырады.Бұл «ұқыптылықта» айта кететін нәрсе көрші клеткалар зардапқа ұшырамауы тиіс.
Жалпы айтқанда, ағзадағы жеке клеткалардың өлімі бұрыннан белгілі.Бірақ алғашында бұл құбылыс дегенеративтік құбылыс ретінде қабылданып келеді.Яғни бұл процесс терминальдық дифференцировка нәтижесіндегі жасушаның біртіндеп өлімі ретінде қарастырылды.Бұл көзқарастағы басқа тұжырымдар тек «Өмірге қабілетті жасушалар да өлімге ұшырайды» деген басқа тұжырымдар анықталғаннан кейін белгілі болды.Әрине, бұл клеткаларды басқаша қалай сипаттауға болады.Мсыалы үшін эмбриогенез барысында өлімге ұшырайтын жасушалар пронефрос немесе саусақ аралық қалқалық клеткаларын келтіруге болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы

ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.
Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б...
Төмен түсетін жол рқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.
Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Бұлақ және өзен
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздерді табады, үлгі бойынша тірек сөздермен мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында қолданады, үлгі бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында еркін қолданады, мәтінде шылауды орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Құттықтау - тілек: 14 Наурыз - Амал көрісу күні

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Семіздік май басу

Семіздік, май басу — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу. Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. семіздіктің 4 сатысы бар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ойын баласы

Ер балалар әдетте қыз балалармен қосылып ойнай бермеуші еді. Бұған үлкендердің ер балалар қыз балалардың ойындарын бұзбасын деп, қадағалап, ескерту жасап жүрулері де себепші болса керек. Үлкендердің тарапынан алдымен қыз балалардың сөзі сөйленіп отырады ғой. Сондықтан ер балалар үлкендерден жасқанады. Мұның өзі әу баста ұлттың табиғатында, дәстүрінде бар дүние болса керек.

Қыздар болса, көктем шыға бере, жерге сызып ойнайтын бір ойындарды ойнап жатушы еді. Дегенмен баланың аты бала емес пе, ер балалар кейде қыздардың ойнап жатқан жерлеріне жақындап: "Біз де ойнап көрейікші!" - дейді. "Кетіңдерші, ей, ойнай алмайсыңдар!" - дейді қыздар. "Ойнай аламыз, ей!"

Ер балалар қыздар секілді епті ойнай алмаушы еді. Кейбіреулері аюша қорбаңдап сызықтарды басып кетеді. Сол-ақ екен, қыздар наразылық танытып, шу ете түседі:

- Шығыңдаршы! Сызықтарды өшірдіңдер ғой!

Ер балалардың мысы құрып, қыздардың мына қылығына ызасы келіп-ақ тұрады.

- Қойыңдар бұларды! - дейді ер балалар. - Бұлар ешкі құсап секектегеннен басқа не білуші еді?! Одан да өзіміздің ойынымызды ойнайық.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Мектебінің өткенін де ұлықтап,
Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.

Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.

Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау

КІРІСПЕ
Нейролингвистика – тіл ғылымының жаңа саласы ретінде танылып жүр. Ал нейролингвистикалық бағдарламалау – адам санасына сөйлеу арқылы ықпал ету нейролингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалауды жарнама саласында тілді қажеттілігне қарай тиімді қолдануға, норманы сақтауға,т.б үшін қолдануға болады.
Баспасөз құралдары, газет – журнал, радио, теледидар, тіпті ғаламтордың өзінде көптеген жарнама мәтіндерін кездестіруге болады. Ал, осы жарнамалар адам санасына қалай әсер етеді? Сондай-ақ, жарнама мәтінінің әсерлі, көпшілікке түсінікті, терең мағыналы болуы үшін оған нақты құралдарды пайдаланған жөн. Бұл тұрғыдан алғанда нейролингвистикалық бағдарламалаудың жарнама үшін таптырмас құрал екені айқын.

Зерттеу жұмысының нысаны: Нейролингвистикалық бағдарламалау мен оның ерекшеліктері, тіл біліміндегі алар орны.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі Қазақстандағы жарнама тіліндегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың тілдік ерекшеліктерін қарастыру, бірнеше тілде қатар беріліп жүрген жарнама мәтіндерінің құрылымына талдау жасау.


Зерттеу міндеттері:
 тілдік сана, сөйлеу әсері, жарнама дискурсы ұғымдарына түсініктеме беру;
 қазіргі тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын нейролингвистиканың негізгі даму кезеңдерін көрсету;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі түрлері мен тәсілдерін анықтау;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың көптілді қоғамдағы жарнама мәтіндеріндегі көрісін айқындау


Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері: Зерттеу жұмысында материалдарды жинақтау, сұрыптау, байқау, интросппекция, жүйелеу, талдау, т,б әдіс – тәсілдер қолданылды. Көрсетілген әр бір әдіс көзделген мақсаттарға жету үшін зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде қолданылды.


Зерттеудің дереккөздері: Бітіру жұмысында әр түрлі телеарна, радио, газет – журналдарда беріліп жүрген жарнамалар, әр түрлі сөздіктер, интернет – сайттар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0