Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.А/И2.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.3. 1 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние.
Ұлы Отан соғысы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология
Сабақ тақырыбы: Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
Сабақ мақсаттары: - өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді зерттейді;
- ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысады;
- тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мектеп білім мен тәрбиенің ошағы


Бұл мақаланы жазған кезде ішімде түрлі эмоциялардың арпалысы болды десем өтірік айтпағаным болар. Себебі, мектепте өткен уақыттарыңды, түрлі қызықтарға толы сәттерді жазу оңай емес. Алайда, өзімнің мектепке деген сағынышымды тек қағаз бетіне түсіру арқылы ғана баса аламын.

Мектеп... Бір сөздің өзі қаншама қуанышты сәттерге толы десеңізші! Ойын қуып жүріп, 11 жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа көз салсам осы жылдардың бейнесінен балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.

Алғаш қолыма гүл шоқтарын алып, мектеп табалдырығын аттағаным, маған күлімсіреп қараған ұстазымның ақжарқын келбеті әлі де есімде. Басында барлық затқа таңырқаумен басталған мектеп өмірі кейіннен жаныңа жақын дос табумен ұштасты.

Әрине, алғашқы әріп тануың, алғашқы алған бестік бағаларың, мектеп туралы, оның не екенін, мағынасын түсінген уақыттар – мұның бәрі де адамның жадынан өшірілмейтін естеліктер. Маған білім беріп, қанатымның кеңістікте жайылуына мүмкіндік берген алғашқы мектебіме алғысым шексіз!!!

Ұмытылмас есімің,

Армандардың аштың есігін

Мәңгі өшпес із қалдырған лицей........
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Музыка | Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік – педагогикалық
мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0