Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы қамқорлық (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қамқорлық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (интервью) көтерілген мәселені талдау
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіннің мазмұнын түсіну;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Пікір білдіру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Ғұмыр

Бір-екі сағат бос уақытым бола қалғасын, ҚазМУ қалашығындағы Көктем өзенінің жағасына келдім. Көктем күні. Айнала тып-тыныш. Қалта телефонымдағы әдемі әуендерді тыңдап, әрі-бері өткен адамдарға қарап, бір рахат күй кешіп отырмын. Шынында да, «жұмыс-жұмыс» деп жүріп, өз атымызды ұмытып қалармыз бір күні...

Әне, өзеннің екі қапталын жағалай қыз бен жігіт жүгіріп барады. Жігіттің қимылы қызық: бір орында орғып тұрған сияқты көрінеді, жұдырықтары да түйілмеген. Қыз шаршайтын емес, жарты сағатта көз алдымнан екі-үш рет өтіп үлгерді.

Түу, мына шыбындар маза бермеді-ау... Ұсақ-ұсақ құмытылар кәстөміме қонып алып, қанаттарын сулай ма-ау, құмырсқалар балағымнан кіріп, аяғымды жыбырлата ма-ау, берекем қаша бастады. Әсіресе, жап-жасыл, кіп-кішкентай, кенеге ұқсас мына бір жәндіктің күштісі-ай! Үп етіп үрлей салғанымды елеген де жоқ. Сәл күшейте үрледім. Көзге көрінер-көрінбес аяқтарымен тұрған жеріне жабыса қалды. Енді бар күшіммен үрледім, мыңқ етер емес. Құдайдың құдіреті-ай, сонша күшті қайдан алып тұр екен?! Қолыммен қағып жібермек болғанымда, жабысып тұрған кене бөлшек-бөлшек болып шашылды да қалды. Орайсыз қимылдағаныма кәдімгідей налыдым. Тіршілік иесі тірі жүре беруі керек еді...

Сөйтсем, ондайлардың мың-миллионы жүр екен, қап-қара кәстөмімде жап-жасыл болып, анық көріне бастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау

Кіріспе
Эскалаторлар 21-ғасырда жолаушыларды бір деңгейден екінші деңгейге
тасымалдаудағы транстпорттық құралдардың тиімді түрі болып табылады.
Эскалатор жолаушыларды өткізу ерекшелігіне байланысты көптеген
қоғамдық жерлерде пайдалынылады. Соның ішінде метро бекеттері. Метро
бекеттері терең орналасқандықтан және бір мезгілде жолаушылардың көбеюі
эскалаторды мүмкіндігінше қолдануды талап етеді. Және де эскалаторлардың
бір артықшылығы басқару жүйесінде сезгіш құралдар арқылы жолаушылар
жоқ кезде өшіп туруы, соның арқасында біз жұмсалатын электр энергиясын
бірнеше есе азайтамыз. Бұл дипломдық жобада қолданылатын жаңа
технологиялар эскалаторды басқаруға көптеген жеңілдіктер жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі

“Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар.
Қартаймас қас батырлар, тұлғасы бар”
М. Рәш. “Батыр дастаны”
Соғыс!
Осы бір қара бұлттай қаралы да, суық сөздің астарында ұлан - ғайыр қасіретті мұң - қайғының азалы даусы естілетін тәрізді. Адамзат баласы көз ашқалы өзара жауласудан талай рет бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Жер беті сансыз адам қаны төгілген алапат соғыстардың куәсі болған. Ресми деректер бойынша 60 млн - ға жуық адам қаза болған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең алапат, ең сұрапыл соғыс болып, тарихқа енді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті. Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасауда зор еңбек сіңірген А.Байтұрсыновтың еңбектерінен баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде құнды пікірлер табуға болады. Тіл дамыту мәселесі бертін келе әдісккер ғаымдар Н.Жұбанова, Б.Кәтенбаева, Б.Құлмағамбетова, С.Рахметова, А.Жаппаровтың еңбектеін,де зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзім үшін)

Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегімде тұтанып жайнады шок.
Талаптанам өмірдің нұрын көріп, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстардың қысқы тіршілігі

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаттары:
а) білімділігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстар туралы ой - өрістерін дамыту.
ә) дамытушылығы: Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, балалардың ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелету арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелігі: Отанын, жерін, орманын, көлін, құстарын, табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету.
Сөздік жұмыс: Жем, нан қоқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.
Көрнекілігі: тақырыптық мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сөзжұмбақ, тақпақ, ойын, көрсету......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0