Пән: География Бөлім: Атмосфера Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаттық жағдайы №2 Оқу мақсаттары: 9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстанның климаттық жағдайларын сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіреді және өз аймағында дамытуға мүмкін болатын шаруашылық түрін ұсынады....
Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан......
Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді. Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі: 1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады; 2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады; 3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады. Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады. ....
Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қоргау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды». Заң тұрғысынан алганда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жогары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді. Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындагы әскери қызметішлердің міндетін, сондай-ақ үрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті. ....
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады. Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді. Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту. Зерттеу объектісі: Оқушылардың педагогикалық әдістаналық негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және ....
Алақай қыс келді! Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Психологиялық сәт Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!» Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанап ойнайды. Кейде ұлып кейде ысқырып ұйқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Суық, аяз болады. Жұмбақ шешіңдер: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр? Қар басып тұр. Қар қайдан жауады? Аспаннан жауады. Қардың түсі қандай? .....
Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды. Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді». Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды. Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады. Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамнын мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап)
белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшінш іден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше белгілері баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұнын, өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататан соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнін баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.....