Мен жан емен әзелден айқайым көп, Ашуланам өзімді шайқайын деп. Қар суындай көктемде қаптағанмен Түсерім көп сабама, қайтарым көп. Мен келіппін дүниеге.....
Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын.
Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті.Арнайы дайындалған бейнероликті көру арқылы Ұлттық арнаның болашағы анық та айқын екенін білесің. .....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.......
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты. Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Ауа және климаттық өзгерістер. Сабақтың тақырыбы: Ауа райы құбылыстары Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау ӘТН3 Лексикалық норма Сабақтың мақсаттары: Ж6 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау. ӘТН 3 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану......