Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

Кіріспе
Білім беру, тәрбиелеу жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезең де мектеп жасына дейінгі мекемелер, ісіне жақсарту, баланың жеке басын дамыту, оны ізгілікке баулып, шығармашылық ойын жинақтай білуді, көркемөнерге қызығушылығын арттыруды талап етуде. Жас ұрпаққа тәрбие ісін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, мазмұнын жақсарту жолында педагогтардың парыз бен қарызға беріктігін, адамгершілік пиғылы мен көркемдік талғамын, іскерлігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, өз ісіне құштарлығын арттыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Республикамыздың Ата Заңында, жаңадан қабылданған Тіл туралы Заңында қоғамның халыққа білім беру және ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, жас ұрпақтың жеке тұлға етіп қалыптастыруға ерекше көңіл аударылуды.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамудың тұжырымдамасына «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогрешіл халық, дәстүрлері, мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғалымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мәселелері және қамтамасыз ету жолдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық әлеуетінің тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық тұрақтылық мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Диплом жұмысының мақсаты – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүние жүзі халқының діни құрамы (7 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықтар географиясы
Сабақ тақырыбы: Дүние жүзі халқының діни құрамы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақ мақсаттары: Дін ұғымын білу. Діндердің негізгі түрлері.
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен таралу аймақтарын анықтау, таралу аймақтарын картадан көрсету.
Қазіргі замандағы діннің рөлі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Пословицы и поговорки: Книга

Книга подобна воде, дорогу пробьет везде.

Книга в деревне - что окно в избе.

Книга в счастье украшает, а в несчастье уте шает.
Сборник пословиц и поговорок
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Алақай, көктем келді!

Күннің нұры шашылды.

Қарлар еріп бастады,

Айнала су боп басады.

Жылы жақтан құс келді,

Балалар ойнауға шықты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Халқымыздың асыл мұрасы

Киіз үй - халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «Үй ағашты» алты ай немесе бір жылда даярлайды. Үй ағашты жасайтын шеберді әдетте «Үйағашшы» деп атаған. Үй ағашы негізінен тал мен қайыңнан дайындалады.

Ең әуелгі сөзімізді сықырлауықтан бастағанымыз жөн болар.

Сықырлауық - (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады. Сықырлауық киіз үйдің басқа материялдары сияқты жиналмалы болады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Алгебра | Дифференциалдық теңдеулер

Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді өз бетінше жасампаздықпен ойлай білетін жастардың тұрақты легінің келіп отыруын талап етеді. Сондықтан оқыту процессі деңгейін арттыру арқылы, ақыл-ойы жетілген, жан-жақты дамыған, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырларын өздері шеше алатын, өз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлап білім саласындағы басты мақсат болып табылады.
Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін студенттерді өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Өз бетінше білім алу үшін студент өз танымдық қызметі нысанның мәнін ұғынып, оның іс әрекет жолдарын игеруге тура келеді. Сол себепті студенттерді жаңа білімдерді алу “технологиясын” дифференциалдық теңдеулер курсында тірек конспектілерін қолдану жолдарын мақсатты түрде оқыту қажеттігі туындайды.
Бұл дипломдық жұмысымда дифференциалдық теңдеулер курсында тірек конспектілерін қолдану, және де дифференциалдық теңдеулерді шешу жолдарын қарастырамын. Дипломдық жұмыс II тараудан тұрады.
§ 1.1. Дифференциялдық теңдеулер. Негізгі ұғымдар .
§ 1.2. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулердің шешімі көрсетіледі.
§ 1.3. Біртекті және оларға келтірілетін теңдеулер,f(x,y) функциясы өзінің аргументтеріне қарай нолінші дәрежелі функция болса, онда мұндай теңдеуді біртекті деп атайды, және теңдеулердің шешімдерінің айқын формулалары алынады.
II тарауда §2.1. Сызықты теңдеулер, теңдеулердің анықтамасы, теңдеудің жалпы шешімінің формуласын көрсетеміз.
§ 2.2. Бернулли теңдеуінің шешімін, қайсыбір жағдайларда Бернулли теңдеуін y-u(x)•v(x) алмастыруын қолданып шешкен ыңғайлы екендігі көрсетіледі.
§ 2.3. Толық дифференциалдық теңдеулер оны жалпы шешімін табу қарастырылады.
§ 2.4. Интегралдық көбейткіш, кез келген теңдеу толық дифференциалды болмайды. Демек, шарт әр уақытта орындалмайды екен. Осыған байланысты берілген теңдеуді қайсыбір
функциясына көбейтіп толық дифференциалды теңдеу алуға болатындығы қарстырылады.
§ 2.5-те Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Ретін төмендету әдісі көрсетіледі.
§ 2.6-да n-ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер қарастырылып, жалпы шешім табу қарастырылады.Диплом жұмысының артында қорытынды, әдебиеттер тізімі көрсетілед ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстан өзендері

Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді.
Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады.
Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.

Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.

Қазақстандағы ең ірі өзендер.


Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км²
Ертіс (Қара Ертіспен бірге) 4331 (1698)* 1592000
Сырдария (Нарынмен бірге) 3078 (1682)* 462000
Жайық 2534 (1082)* 220000
Есіл 1900 (1400)* 144000
Тобыл 1678 (668)* 394600
Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200
Нұра 911 53147
Елек 605 42000

* Қазақтан жеріндегі ұзындығы

Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ.
Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді:
1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы
2) Ішкі тұйық көлдер алабы....
Рефераттар
Толық
0 0