Әңгіме: Дүние кезек

Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен. Дүкенші кемпірдің адалдығына кәміл сенгендіктен одан алған сары майды таразыға тартпастан қабылдап ала беретін. Алайда бір күні ойына күмән ұялап кемпірдің өткізген майын таразыға тартуды ұйғарады. 1 кг. деп алып жүрген сары майдың 900 гр. болып шыққанында қатты ашуланады. Кемпірдің келесі келгенінде дүкенші: «Бұдан былай сізден сары май алмаймын» деп жазғыра сөйлеп, ашулы екенін білдіреді. Көңілі құлазыған кемпір «тыныштық па балам, кәрілікпен алысып жүріп байқамай бірдеңені бүлдірген шығармын, ағаттық жіберген болсам кешіре ғой» дейді. Дүкенші «маған өткізген майыңыз 1 келі емес 900 гр. болып шықты. Ұят емес пе мұныңыз?» дейді. Сонда кемпір: «Менде 1 келілік тас жоқ болғандықтан, сізден сатып алған 1 келі шекерді таразыға қолданып жүр едім» дейді. Әлгі жерде дүкеншінің қызарып, бозарғаны соншалық, кірерге тесік таппай тыпыршып қоя береді. Міне дүние кезек дегеніміз осы. Не ексең соны орасың. Адамдарға істегенің міндетті түрде алдыңнан шығады. Әрдайым жасаған игі ісіміз және көретін ізгілігіміз көп болғай! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мысықтын пайдасы

✅ Мысықты жақсы көретін жандар мысық асыраса, оның денсаулыққа пайдасы орасан екен. Егер үй жануарларына аллергияңыз болса, өзіңізді күштемеңіз.
✅ Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді.
✅ Мысық шаршағанды басып, күйзелістен арылуға көмектеседі.
✅ Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, үйдің атмосферасын тазартады. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді.
✅ Мысықтың мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың дыбысы жараның жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне әсер етеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіз - Қазақстаным

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дымқыл - құрғақ

Кіші сала: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы:«Дымқыл - құрғақ»
Мақсаты: 1 жас 6 айдан асқан балаларды топырақтың қасиеттерімен таныстыру: құрғақ - сусылдайды, ал дымқыл – пішінін жақсы сақтайды.
Көрнекі құралдар: Құм, ыдыстар, дымқыл салфетка, суқұйғыш, ойыншықтар.
Әдіс - тәсілдер: Балалармен эксперимент жасау.
Сөздік жұмыс: Құрғақ, жеңіл, дымқыл, сулы.

Мотивациалық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Амансың ба, алтын күн!
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер ана!
Амансын ба, достарым!

Іздену ұйымдастырушы
Қоян жылып кіреді:
Тәрбиеші: Қоян не болды саған?
- Қане балалар, сұрайықшы қоян неге жылап тұр екен. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жалғыз)

Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.
Жылайтұғын түгі де жоқ зар илеп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекбосынов Серікқазы

Бекбосынов Серікқазы (21.9.1925, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы - 22.3.1977, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы) - екінші дүниежүзілік соғыс|екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант. Қазақ. Соғыстың алдында кеңшарда жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылдың қаңтарында шақырылып, 7-армияға қарасты 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату



110. Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.

111. Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.

112. Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.

113. Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.

114. Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.

115. Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау салынады.

116. Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың соғуы бойынша тексереді. Егер оның соғылуы сезілсе, онда бұрау дұрыс салынбаған және оны алып қайта салады.

117. Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соғады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Білім беріп бізге шаршап жүресің.
Арманға алыс қанат қатып кеткенде,
Аяулы ұстаз қадірін сен білесің......
Тақпақтар
Толық
1 0