«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.
Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.
Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....
Ғылыми жұмыстың міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады; Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі......
Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей Ғұмыр қысқа көктемнің гүлдеріндей. Өмір! Өмір! Ағызып өте шығар Демалыстың ақырғы күндеріндей. Мұның өзі әрі наз, әрі шыным, Күйігіңді баспайды дәрі, шылым......
Пәні: Қазақ әдебиет Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Сабақтың тақырыбы: Автор бейнесі Белгілі бір оқыту мақсаты: А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: 1.Автордың іс-әрекеттерін анықтай алады; 2. біледі; 3. Авторы бейнесіне талдау жасай алады; Оқушылардың көбісі: 1. Автордың толғауларын оқи отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; 2. Автор толғауларының құрылымын түсінеді және өз пікірімен байланыстыруға дағдыланады. Оқушылардың кейбірі: 1.Автор толғауына өз ұстанымын білдіріп, қорытындылайды, дербес ой білдіреді. 2.Қазтуған толғауында көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы дәлелдейді. 3. Автор шығармашылығында кездесетін метафора, теңеу, образды сөздерді сәйкесінше табады. 4.Жиембет жыраудың шығармашылығымен үндестігін мысал келтіре салыстырады.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 5-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады; Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.....