Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму
Сабақ тақырыбы: Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу
Сабақ мақсаттары: Барлығы:
-Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін атау және оларға сипаттама беру;
Көпшілігі:
-геохронологиялық шкаласын құру
Кейбіреулері:
- кезеңдерінің ауысу себептерін талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Мейірімді аяз жайлы ертегі

Екі қызым мектептен келе сала:

— Мама, мұздап кеттік,
— Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
— Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.
— Иә, қатып қалдым,- деп қостай кетті үлкен.
— Қой, аязды жаман демеңдер. Ауа-райын сөгуге болмайды. Аяздың да пайдасы бар, - деп пешке көмір салып жатқан мен оларға басу айттым.
......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ана жүрегі


Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен.

Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!».

Кенет бұлттай қаптаған шаң мен түтін қойыртпағының арасынан Балқияның дәл алдынан Мәмбет шыға келді. Өз Мәмбеті, аңсаған алтын ұлы. Мылтық ұстаған қолын көкке сермеп, «апа!» деп, ол Балқияға қарай кұшақ жайып ұмтылды. Сөйткенше болмады, алып қоңыз тәрізденген қара сұр ірі танк Мәмбеттің арт жағынан сумаң етіп, ол да шыға келді. Жылан бауыры қаршылдап, өте шықты жосылтып. Мәмбет оған бір тал бұта құрлы да болған жоқ, танктің зіл кеудесіне көміліп қала берді...

«Мәмбет!» «Мәмбет!» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілі


Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.

Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым,
Содан білдім табиғатын жыр-әннін.
Оянсам да сол дауысты іздеппін,
Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.

Оған әлемдегі бірде-бір тіл таныс емес еді. Тіпті ести қойса да, бөбек оған селт ете қоймайтын. Өйткені оған солардың бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық, бәрінен де күшті бір тіл болды. Бөбек бұл тілдің өзінің ана тілі деп аталатынын білген жоқ. Тек бұл тілде өзінің анасы сөйлейтін еді - бөбекке бұл тіл сондықтан қуатты болды, сондықтан ыстық еді, сондықтан жақын болды. Осы тілде бір тұнып тұрған мейір бар еді. Бұл тілде барлық нәрсе түсінікті еді, түсініксіз ештеңе де болмайтын. Сондықтан бөбек ұйқысынан ояна салып, алдымен осы тілді іздейді. Оған әлемде бұдан артық тіл болуы да мүмкін емес.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Қазақстан – кең байтақ Отаным.
«Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлап өткендей, мен қазақ елінде туғаныма мақтанамын.
Менің елім көркем табиғатымен, кең даласымен, пайдалы қазбасымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен әлемге танымал. Менің елім жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Елімнің дәл ортасында, Еуразия жүрегінде елордамыз Астана қаласы орналасқан . Осынау жас қаланың өркендеуіне, гүлденуіне зор үлес қосқан елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі орасан зор.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысты ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысуға, ойын анық жеткізуге үйренеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары №2 (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары №2
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының геосаяси проблемаларын анықтайды, оларды талдап, шешу жолдарын ұсынуға ұмтылады.
Оқыту мақсаты: 9.3.3.5. Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады: трансшекаралық өзендер.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0