Эссе: Менің балалық шағым

Менің балалық шағым Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады.Ол әрине біздің балалық шағымыз.Балалық шақтағы біздің іс әрекетіміз,ойынымыз естен кетпес қызыққа толы күндер болып артта қалуда.Әр адамның жүрегінде бұл естеліктер мәңгі сақталары анық.Біздің балалық шағымыз біздің дастанымыз,шытырманға толы хикаямыз. Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары,көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой ,шіркін.

Мен өзім бір отбасының жалғыз ерке қызы болып өстім.Балалық шағым қызық бір дастан дерсін.Балалық кездегі жасаған істерім,балалармен ойнап,көңіл көтергенім әлі есімде.Кейде сол естеліктерді еске алсам,қайтадан сол балалық шаққа оралсам ғой шіркін деп армандайтын кездерде болады.Біз балалық шағымызда асыр салып ойнап,көп көңіл көтеретінбіз......
Эсселер
Толық
0 0

Баяндама: Мектептегі тәжірибеден кейінгі мұғалім мен оқушы өзгерісі жөнінде

«Ұстаз білім есігін ашады, бірақ сен сол есікке өздігіңнен кір» деген батыс даналығы менің мектептегі тәжірибемнің мазмұнын түбегейлі ашып,терең түсінік береді деуге болады. Өйткені, менің көздеген мақсатым – мен берген білімді оқушы өз ынтасымен қабылдап, өзінің өмір жолында тиімді пайдаланып, елге еңбегі сіңген тұлға ретінде қалыптасуы. Осы мақсатта Кембридж тәсілімен оқыту бағдарламасы негізінде өз мектебімде 9-сыныппен жұмыстанып, 4 тізбектелген зерттеу сабағын өткіздім.
Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде оқушылар өздерін еркін.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Балыққа барғанда


Бәкеннің кейде өтірік айта салатын да мінезі бар еді. Бірақ Бәкеннің бұл мінезінен зиян көріп жүрмін деген пенде жоқ. Оның үстіне Бәкеннің бұл сөздерінің өзі де қиюласпайтын, жобасы келмейтін сөздер еді. Онысын іле-шала Бәкеннің өзі де мойындап, "айта саламыз ғой біз деген" деп өзі де күліп отыратыны бар. Бәкен бұл сөздерді біреуге зардап шектірейінші, содан пайда көрейінші деген оймен айтпайды. Өзінің мінезі сол. Дегенмен Бәкеннің осындай аңдаусыз айтып қалған сөзінен бірде Бәкең зардап шегіп қалыпты. Бәкең деген Бәкендерге қарағанда жасы үлкен кісі ғой. Бірде Бәкең аяғына ауланың ішіне іле шыққан сүйретпесін киіп алып, үйінің көше жақ беткейіндегі отырғышта демалып отырады. Дәл осы сәтте көше бойымен таза киімін киіп алған, екі қолын қалтасына салған күйі Бәкен келе жатады. Бәкен жасы үлкен Бәкеңді көріп сәлем беру үшін бұрылады. Бәкеңнің өзі балықты жақсы көретін кісі ме, әлде жұрттың бәрі де балықтан жасалған тағамға кет әрі емес пе, Бәкең дәл осы тұрғанда балық туралы ойлап отырса керек. Бәкенге сұрақты беріп кеп қалады:

- Бәкен, балық шығып жатқан ж .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Туған жер атамекенім,
Бақытты өлкем бақ қонған.
Өзің деп мәңгі өтемін.
Өзіңе мен жат болман.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Тарихты білесіңдер ме

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете біледі. Оқушының ой - өрісін кеңейіп, танымдық деңгейін көтеріледі, пәнге қызығушылығы артады;
Күтілетін нәтиже: Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым - қатынас орнайды.
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жүректен жүрекке тренингі арқылы бір - бірімен амандасады; Топқа бөлу – әртүрлі суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады Оқушылар екі топқа бөлінеді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жабайы жемістер мен жидектерді саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары

Жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары
Қоғамдық тамақтану үшін жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары, бұқтырылған қырыққабат, жидек сорпалары, көкөніс маринадтары, салаттар, тұздықтар, жартылай дүмбілдер - сорпалар, тұздық пасталары, заправкалар, томат қосылған көкөніс дәмтатымы, томат қосылған пассерленген сәбіз және т. б. консервілер шығарылады. Түскі тағамдар 1 - ші және 2 - ші болып бөлінеді.
Өндіру кезінде бөлек заправка мен шикізат дайындалып, араластырылады, соңында консервіленеді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруде әйелдердің дайындық ерекшеліктері

Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Әйелдер)

Не толқытса соның мұңын тартасың...
Аурухана ауласында сытырлатып картасын
Жанарында әзіл ойнап жарасты
Маған бір қыз бал ашты:
- Науқастан ба ерініңіз кезерген,
Жазыласыз, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызғалдақ №11 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қызғалдақ №11 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Тыңдаған мәтінді мазмұндау
3. Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды,
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0