Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Сандар сырының құпиялары

Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
«0» саны
Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
«1» саны
Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан - ақ ілінеді.
ЭЕМ - де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА

1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс
5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа.
12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық іс жүргізу | Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу

Кіріспе
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген. Конститутциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.
Азаматтар мен оның билік және билік құрылысымен өзара қатынастарының мәслелері ежелден келе жатқан дүние. Гуго Гроций, Жан Жак Руссо, Кант және басқа да көптеген ойшылдар мемлекеттегі билікті шектеудің әдістерін іздеген. Осылайша құқықтық мемелекет идеясы пайда болды. Құқықтық мемелекет терминін алғаш Роберт фон Моль енгізді.
Құқықтық мемлекет мәні жиырмасыншы ғасырда былай деп анықталды: құқытық мемелекет деп өзіне, үкіметке, өзімен заң шығарушы органмен шығарылатын заң нормаларын міндетті деп таниды. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында құқытық мемелекет белгілері деп мыналар танылды: құқықтық мемлекетте заң жоғары болды, құқытық мемлекет құрылысы мен қызметінде билікті бөлу концепциясын жүзеге асырады. Заң шығарушы, атқарушы және сот; құқықтық мемлекетте әкімшілік юстиция жүйесі ұйымдастырылады.
Әкімшілік юстиция дегеніміз не, орта ғасырларда Англияда патшаға және оның шенеуніктеріне талап қоюға мүмкін болған. Бұл формула: Ағылшындар заңмен тек қана заңмен басқарылады деген барлық континентальды Европа және Ресейге қызығушылық тудырды. Қазіргі кезде әкімшілік құқық әр мемлекетте әр түрлі қалыптасқан:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Қазақстан өз тәуелсіздігін көптеген жастардың өмірлерінің құнымен алды. Кім біледі, егер сол ызғарлы желтоқсанда жастарымыз көтеріліске шықпаса, бүгінгі күніміз не болар еді. Мүмкін тағдырымызда солай жазылған шығар, жастар өз дегеніне жетті. Мемлекетіміздің кұрылуының бірінші сатысы осылай аяқталды. Уақыт өтіп, қазақ халқы тұңғыш рет өз Елбасын қолдады. Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Таза судың болашағы

Кіріспе.
Суды біз ауылдарда КБМ және «кран астынан» (колонка) күнделікті пайдаланамыз. Сумен қамтамасыз ету адам экологиясы және қоршаған орта лаборатория көсеткіштері бойынша судың 90 пайызы құбыр желісі арқылы жіберіледі, бірақ санитарлық мөлшерге сәйкес келмейді. Ең негізгі себеп: адам денсаулығына зиян келтіретін нитрат, пестициттердің, мүнай заттары және ауыр металды тұздардың болуы. Онымен қоса өндірістерден шығаратын судың химиялық құрамына - ішек таяқшасы, патогендік микроорганизмдер, тырысқақ вибрионы т. б бактериялар қосылады. Сондықтан осы проблема өте маңызды да өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу нысаны – кәдімгі су құбыры желісінен алынған су, ауылдағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ (комплексті блок – модуль)
Болжам.
Егер су мөлдір, дәмі жағымсыз және иісі болмаса, сонымен қатар егер хлор құрамы, сутегі көрсеткіші және тұзды су нормаға қанағат етерліктей болса, онда ас суға қолдануға жарамды.
Зерттеу мақсаты:
Болжамға сәйкес, зерттеу мақсаты су құбыры желісіндегі су Жалпы Мемлекеттік Стандарт талаптарына сай екендігін анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы

Жиырмасыншы жүзжылдық бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырған кезеңдердің бірі. Құқық, мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді.Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы адамның теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіләлемдік мойындау − міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлкет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметеріне ықпал етті.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихи-адамзаттық рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси ілімі мен тәжірбиесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтық даму тарихы, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) − заманның жан-жақты білім алған оқымыстысы, саясатшы, қазақ тарихы әдебиетінің зерттеушісі, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына тарихи дәуір тұрғысынан кең көлемді шолу жасаған ғалым. Шоқан Уалихановтың дүниетанымына, рухани жетілуіне Омбы кадет корпусының прогресшіл ниетті оқытушылары мен қазақ даласына қуғындалып келген халықшылардың үлкен әсері болды.Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына 1859-1861 жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен крепостойлық құқықтың жойылу қарсаңындағы революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал еті. Ел даланы еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады.Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
Сабақтың мақсаттары: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж бағдарламасының тәжірибелік тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулі қалай және неге енгізілгені туралы

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша
түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті
немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқуы және ынтаса туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік
және күш-жігер сияқты ұғымдарға.......
Баяндамалар
Толық
0 0