Бір күні Мысыр шаһарындағы патша сарайында патша мен уәзірлердің үлкен мәжілісі болады. Бұл мәжіліске атақты Атымтай жомарт та қатысыпты. Сарайда жиналған жұрт Атымтайды алғаш көріп, оның жомарттығы қандайлық екен деп таңырқасыпты. Сонда уәзірлер арасында жомарттық туралы бірсыпыра сөз басталады. Атымтайды бұрын білетін адамдар, Атымтайдың жомарттығын жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Бұлар дүние жүзіндегі жомарттарды салыстырып, кімнің жомарттығы артық дегенде уәзірлердің ішінен Зейнілғабиден деген біреуі Атымтайдан......
Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді. Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады. Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады. Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады. Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады. Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні Сабақ тақырыбы:Үй жануарлары (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану Көптеген оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады Кейбір оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде еркін қолдану....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Біздің өміріміздегі музыка. Сабақ тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй... Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О4. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру. А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу. Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау. Сабақ мақсаттары: Оқылым мәтіндерінің құрылымын салыстыру; тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді ойын әсерлі жеткізуде қолдану; тыңдалым материалының тақырыбы мен негзігі ойын анықтау......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» 2-сабақ Белгілі бір оқыту мақсат: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. Сабақ мақсаты: Кейіпкерлердің тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, шығарма тұжырымдамасын айқындайды.....
9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........