Реферат: Биология | Жеміс - жидектерді консервілеу

Жеміс - жидектерді консервілеу.
Жоспар:
1. Консервілеу тәсілдері.
2. жеміс - жидектер консервілерінің классификациясы.
3. Жеңіл көкөніс консервілері.
1. Азықтық тағамдардың бұзылуы, ол жемістер мен көкөністерде көбінесе микроорганиздердің негізгі әсерінен туындайды. Олар жемістер мен көкөністерге тез сиңіп, көбейіп сондан соң тағам ретінде тұтынады. Кейде жемістер мен көкөністер немесе олардан жасалған тағамдар кейде микробтардың болмауынан бұзылуы мүмкін, яғни тағамның өзіне сай түрлі биохимиялық процестердің болмауынан. Бұл процестер ферменттер болуымен жүзеге асады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Амитоз

Амитоз (amitosis; гр. а — жоқ; гр. mitos — жіп) - бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Махаббат мейрамы


БІРІНШІ ТАРАУ

Махаббатқа деген ешбір әлеуметтік қайшылық жоқ біздің заманымызда, Қозы Көрпеш-Баян сұлудың ғашықтығындай, өздерін өлімге қиярлық ғашықтық болуы мүмкін емес.

— Сіз солай ойлайсыз ба?

(Театр фойесінде естіген сөз)

Қала шетіндегі тау етегін жапқан қалың ағаш арасында бір жас жігіт келе жатыр. Бұл -Еркебұлан. Түн көзге түртсе көрінгісіз тастай қараңғы. Жайшылықта бетке барқыттай жұмсақ тиетін түнгі ауа дәл қазір тікенек боп қадала түсетіндей, жігіт екі бетін қолымен жауып, кенет тұра қалады. Әлдекімнің атын атағандай болады. Осылай ол сәл тұрады да, қайтадан жүріп кетеді. Және осы көрдей соқыр түнде Еркебұлан ештеңені көрер емес. Бірақ, ештеңеге де соқтықпайды. Міне, сынған бұтағы кеудесіне қадалғалы тұрған жуан еменге тұп-тура таяп қалды. Бірақ бұтаққа сүйем қарыс жетпей кілт бұрылып кетті. Міне, ол енді табанында тау өзені күркіреген жарқабаққа келіп тоқтады. Енді бір аттаса болғаны, төмен қарай құлдилай жөнеледі. Бірақ Еркебұлан дәл осы сәтте кеудесінен біреу итеріп жібергендей, тағы кілт бұрылып, кейін қарай жөнелді. Қазір жігіттің екі иығында екі періште отырғандай. Сол иығындағы ажал періштесі өлімге қарай сүйресе, он иығындағы өмір періштесі оны өлімнен бөтен жаққа алып қашқандай. Еркебұлан осылай өлім мен өмір таласының арасында ойын добы тәрізді ұзақ жүрді. Өзі де әбден шаршады. Сонда да жүріп келеді. Алдағы арманы, асар белесі - тек жүру тәрізді. Аялдар емес. Сонда осынау қайғыдай қап-қара түнде жас жігітті, қара жыландай қуып келе жатқан қандай үрей? Ол үрей - қасірет және жай қасірет емес, жас көңілдің мөлдір бұлағын суалтқан, жас өмірдің жасыл құрағын қуартқан, ақылынан мүлдем адастыруға аз-ақ қалдырған жан қасіреті, ой қасіреті, ақыл қасіреті еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ақ анам

Ақ сүт беріп аялап,
Өсірген менің жан анам.
Түнде оянып ұйықтатқан,
Мені ойлаған ақ анам.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланын ойын әрекеті және оның түрлері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Алоэның пайдасы

Шығармашылықтың мақсаты: Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып, оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Шығармашылық міндеттері:
1. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс - тәсілдерін қолдану.
2. Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.

Болжам:
1. Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
2. Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

Күтілетін нәтиже:
1. Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білуі.
2. Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық әдіснамалық негіздері

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.
«Тәні саудың – жаны сау» демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 2-сабақ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси типологиясы №3 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдердің саяси типологиясы №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.6.1.2 елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастырады
Сабақтың мақсаты: Елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0