«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.
Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Білімділік: Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету. Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дамытушылық: балаларға құстар туралы тақпақ айтқызып әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын, ой өрістерін дамыту. Жаңа сөздер: ұшады, секіреді, қоректенеді. Әдіс - тәсілдер: АКТ слайд арқылы құстар туралы әңгіме құрау. Шаттық шеңбер: Ал балалар тұрайық Қарлығаш болып ұшайық Сауысқан болып секіріп Тоқылдақ болып шоқиық Торғай болып қонайық Қане, қанат жазайық Қарлығаш болып ұшайық .....
Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.
Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
КІРІСПЕ 1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты. Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған. Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады. 1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ. 1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты. ....
Лексикалық тақырып: Дастархан басында Оқу қызметінің тақырыбы: Азық - түліктер Мақсаты: Балаларға азық - түлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Азық - түліктердің қайда сатылатынын, қайда сақталатыны туралы мәлімет беру. Дастархан басындағы әдептілік туралы түсінік қалыптастыру. Тағамдарды қорлауға, оларды қадірлей білу керек екенін түсіндіру. Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Көрнекілігі: азық - түлік бейнеленген суреттер, шынайы тағамдар Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу Мотивациялық ынталандырушылық Амандасу тренингі Қайырлы таң алтын күн! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң достарым! Дөңгелене тұрып барлығы бірігіп қайталайды.
Тыныс алу жаттығуы Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығару. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем айларын атаңдаршы? - Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Фонематикалық есту қабілетіне жұмыс Құстар және желдің дыбысын тыңдау арқылы олардың атауын атап, буынға бөледі. Артикуляциялық жаттығу "Сағат", "Түтікше", "Тәтті тосап", "Ат шауып келеді", "Саңырауқұлақ", "Жылан".....
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор.Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес,сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында алады. Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220-миллион тонна мұнай өнімдері 1,1 миллиард тонна көмір 60 миллион тоннадан астам қара металл барлығы – 2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған. Қазақстан темір жол көлігіне талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқан.Олар темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнін талабына сай қайта құру сондай – ақ Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоған станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі дамытып тасылатын жүктін көлемін жылына 10 млн.тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнін талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру барлық көлік және комуникациялық орындардың құрылымдарымен қайтадан қарап жетілдіру. Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан ары жетілдіру ерекше орын алады. Республикада 1977 жылға дейін өз алдына бөлек бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы Алматы және Батыс Қазақстан темір бөлімдері жұмыс істеді.Бірақ олардың іс жүзіндегі қызметі 1991 жылдан басталған нарықтық экономика талаптарына сай келмеді.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі Оқушылардың көбісі: «Күлтегін» шығармасын басқа шығармалармен салыстырады; Оқушылардың кейбірі: Ұқсас шығармалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады....