Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
• Мәтіндегі мәселені түсінеді;
• Мәтін идеясын анықтай алады;
• Проблемалық сұрақ құрастыра алады;
• Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жәдігерлер (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Тарихи жәдігерлер
Оқу мақсаттары: Ж8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• тарихи жәдігерлер шерткен сырды ұғынады;
• стильдік ауытқуларды танып, әдеби нормаға сай түзетеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу Айдын Айымбетов (4 сынып, IV тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазу Айдын Айымбетов
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.3.3.1 Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Ғарыш тақырыбында мәтін құрастырып жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Ауылдағы балалық шақ

Ауылдағы үйім менің шаңырағым
сол үйімді қатты тағы сағынамын,
асыр салып өстік біздер шаңырақта
өттау бүкіл менің сонау бала шағым.

Айландыра үйдің маңы тал терек
есік алдың көгалданған....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі

Қазақстан - тәуелсіз ел. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр Қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. Қанша қиыншылық басымыздан өтседе, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл тарих «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөз бар......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Алтын қоңыз

араңызшы! Әне! Есуасша билеп жүр,

Бүйі шағып алса керек...

(Ешкімдікі жөн емес)

Бұдан біраз жыл бұрын менің Вильям Летран деген бір кісімен жақынырақ танысуыма тура келді. Ол өзі бір кезде дәулетті гугенеттер әулетінен шыққан, бірақ қыр соңынан қалмаған қырсықтың салдарынан бағы тайып, кейін қу тақыр боп кедейленген адам еді. Бар байлықтан айрылған соң көрінгенге көзтүрткі болмайын деп, ол өзінің ежелгі атамекені Жаңа Орлеан қаласын тастап, Оңтүстік Каролинадағы Чарлстон маңындағы Сэливанов аралына барып қоныстанған болатын.

Бұл бір алабөтен арал. Өзі ұзындығы үш мильдей теңіздің қайран құмынан тұрады. Ені тілдей, еш жерде ширек мильден аспайды. Шалшық шілік пен қалың қамысты жанамалап, суы зорға жылжитын қылдырықтай бұғаз ғана оны құрлықтан бөліп жатады. Аралда ағаш аз, әрі жөнді өспейді де. Тіпті шын мәніндегі ағаш жоқтың қасы. Аралдың сонау батыс жақ шетіндегі қаңқиған Моултри форты мен жаз айларында халық құжынап кететін тіршілігі беймаза Чарлстонның қапырық шаңынан қашып жаз айларында қала тұрғындары уақытша қоныстанып, жан сауғалайтын бірнеше қалқайған үйшіктер салынған маңнан ғана қылқан жапырақты бәкене пальмаларды көруге болады. Оның есесіне егер батыстағы әлгі мүйіс пен теңіз жағалауындағы тастан бетер ақ қайраң кемерді есептемегенде, аралды түгел ағылшын бағбандары аса қадірлейтін қош иісті мирта тоғайы басып кеткен. Қау боп өскен қалың бұталардың биіктігі кей тұста он бес жиырма футқа дейін жетіп, төңіректі ғаламат хош иіске бөлеп, арасынан адам өтіп болмайтын тұтасқан тоғайға айналады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері

КІРІСПЕ

Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері.
Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.
Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.
Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Досыңа серік бол

Білімділік: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. Түсіндіру әдісі.
2. Тосын жағдай.
3. Қылқаламмен сурет салу.
4. Сұрақ - жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет, қылқалам, су бояу.
Балалар үшін: қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір - біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.

Сәлеметсіз бе?- деген жылы сөздер айтады.

Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.......
Шығармалар
Толық
0 0