Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы .....
Баяғыда бір қу жігіт болыпты. Ол үнемі ел аралап қожа-молданы күлкі етіп, жарлы-жақыбайды жадыратып жүреді екен. Бір күні ел аралап келе жатқан әлгі қу жігіт бір науқас кемпірдің үйіне тап болған екен дейді.
Ауруынан қорыққан кемпір молла және балгер шақыртып, күнде бал аштырып, құмалақ салдырып отырады екен. Ал моллакең аңқау кемпірді алдап, Алла атынан ақы алып отырады. Мұны білген қу жігіт молланы бір қатыруды ойлайды да кемпірдің баласына шешесінің бір кезек киімін ұрлатып алдырады.......
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріндер • Батырлар туралы жырларда не туралы бейнелейді? • Қобыланды батырдың әкесі кім? • Қобыландының анасының аты кім? • Қобыландының қарындасы? 2. Мына қанатты сөздердің жалғасын жаз. • Ат –ердің ........ • Батыл болмай ,батыр-....... • Ат-құлынан,батыр -........ • Жеті қазынаның бірі-жүйрік ............
Ортақ Отан – Қазақстан! Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет. Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.......
Пән: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: 5- сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 1 Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу Сабақ мақсаттары: Жалғаулар мен шылауларды ажырата білуге, оларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуға дағдыландыру.....
Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану оқушының ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан – жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түсуге жол ашады. Ұлттық – қимыл ойындарының қай – қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Биылғы мемлекет.......
Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......