Аңдар патшасы арыстан қартайып, науқасқа шалдығады да үңгірінен шыға алмай жатады. Патшасының көңілін сұраған барша аң келіп-кетіп, кіріп-шығып жүреді. Түлкі ғана мезгілінде келе алмапты, Мұны естіген соң, қасқыр бір қулығын асырып, өзін алдап жүрген түлкіден кек алғысы келіп, науқас арыстанға оны жамандай бастапты: — Түлкі сені патшам деп құрметтемейді екен. Патшасының көңілін сұрамағаны оңбағандық! – деп, арыстанның ызасын қоздырып, ашуына май құйыпты.......
Ұстаз деген кім ол десең, Ұстаз жайлы тым аз білсең, Мен берейін бұған жауап, Сөзіме егер, құлақ түрсең! Ұстаз – дана, ұстаз дара Ұстаз деген бір тұлға. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сен сыйла! Ұстаз деген екінші анаң ізетті, Аямайық ұстаздарға құрметті!!!...
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік....
Кіріспе. Ежелден - ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты. Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай - ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса, баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі. Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде......
Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.
Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.
Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......
Экологиялық фактор – тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері, ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды абиотикалық, биотикалық, антропогендік деп бөледі. Соның ішінде біздің айтайын деп отырғанымыз антропогендік фактор. Антропогендік фактор – адам қызметінің қоршаған ортаға тигіззетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттарды атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.), адамның шаруашылық қызметін қарекетінен тікелей ненсе жанама түрде туындайтын фактор. Жанама әсер – биосфераның басқа компоненттерде экологиялық тепе – теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздары, күкірттің газды қосылыстарын, аммиакты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады. Адамның шаруашылық іс - әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендерімен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 млн. Шаршы км – ге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 % - на жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мыс, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман- тоғай белдеулері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстінгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды ....
Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады. В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген [22; 264-б.]. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде: ....