Түс

Түс

Япыр-ай бүгің көрдім тамаша түс,
Айналам сары дала, алтын күз.
Түсімде сені көрдім Жарығым,
Шие ерін, ботадай көзінен, таныдым.

Қарай бердім, сенің мөлдір көзіне,
Қарай берем нұрға толы жүзіне.
Сұлулығымен баурап алдын жанымды,
Өшірте алмас, лаулап жанған жалынды.

Түсімде қол ұстасып жүр екенбіз,
Бір-бірімізден айырылмай, біргеміз.
Білмедім түсім бе, әлде өңім бе?
Сенбедім, қарай бердім көзіңе.

Есімнен кетпеді сол бір сұлу көздерің,
Еркелеген балдай тәтті сөздерің. 
Тұрғымда келмеді, оянбағым,
Сұлулығына қарай бердім сенің, Жаным.

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні: 03.02.20ж 23:17
Өлеңдер
Толық
0 0

Ғашықпын

Ғашықпын

Мен ғашықпын жаны жайсан бір қызға
Әрбір күні сені ойлап, сағына
Білесің бе? Мен сені сүйетінімді 
Керек десен тілші мына жүрегімді

Саған деген сезімім алаулаған
Жан дүнием саған ғана лаулаған
Саған арнап жаздым мен өлеңімді
О Махаббат! Сүйдім мен сол бір жанды

Ғашық болдым сенің мөлдір көзіңе
Сүйсіндім мен сенің нұрлы жүзіне
Ғашық болдым, ғашық бола білгенмің
Жүрегімнің бір орнына кірші менің.

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні: 10.12.19ж 16:54

#Шабыт#келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Отан

Отан

Отаным туған елім, Қазақстан.
Осы сұлу жерде күндік қаным тамған,
Мен оның өзен-көлін, гүлін сүйемін.
Өзінді жырлауға еш ерінбеймін.

Оның әрбір тау-тасы қымбат маған,
Ата-бабамыз елі үшін жанын аямаған.
Отаным менін жерім, менің жүрегім,
Жан-дүниемді ұялайды ыстық сезім.

Қазақстандай өлкемді мақтан тұтам,
Сұлулығын қарашы байтақ далам.
Гүлін болып егілемін жеріне,
Туған жер сен ыстықсын біздерге!

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні: 19.12.19ж 1:22


Өлеңдер
Толық
0 0

Өмір

Өмір

Кемшіліксіз адам жоқ бұл жалғанда,
Өз жолында сүрініп құлағанда.
Қателескен болсан болды адасасын,
Мақсат болса алдында  ұмтыласын.

Өмір-деген адамға келетін сынақ,
Қанша қиындықтан өтесің бірақ.
Өмір-деген сырғып өтер бір күні,
Ол туралы кеш білесің сен бірақ .

Өмір мәні жүректің тазалығы,
Өмір сүру Жаратқанның берген сыйы.
Өмір маған Ата-ана, бауыр жақын,
Құстыда, балапанды Жаратқаны.

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні:14.12.19ж 19:04

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні:14.12.19ж 19:04

#Шабыт#келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ата-Анама


Ата-Анама

Ата-ананы барында құрметтейік, 
Еңбегіне баға беріп, сый етейік.
Баласына махаббаты шексіз берген,
Ата-ананы нұрландырып, жыр етейік.

Ата-ана ең асыл қазына,
Қадірлейік олар бүгін барына.
Бес күндік мына жалған дүниеде,
Бармақ тістеп, қалмайық күйінуде.

Ата-Ана мөлдір өзен, асқар тауым .
Оларсыз атпас таным, батпас күнім
Ата-ана барына шүкір етіп
Оларға арналады осы әнім

Авторы:Оразбеков  Диас
Жазылған күні:09.12.19. 23:45

#Түнгі#шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ана

Ана

Жүрегімнің бір орында асыл адам
Сырым көп әлі де сізге айтылмаған
Дүниенің нұр шуағына бөлеген
Сіз берген махаббатқа бөленем

Ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Анам
Барын беріп жоғына қанағат еткен
Анаң сенің өмірдегі бар бақытын
Сөзбен жетпес, Анаға деген махаббатым

Құрсағында тоғыз ай он күн жаттым
Келді міне дүниеге ақын жаным
Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік әнмен 
Тербеледі самал желмен, Ана әні

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 01.12.19ж

#Шабыт#келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұнатамын

Ұнатамын бір өзіңді  ұнатамын,
Саған қарай асығады әр кез  Жаным.
Өзіңді бір көргеннен сыр ақтарып,
Сұлу сенің жүзінді қиялдадым.

Ұнатамын мен сені шын айтамын,
Жүрегімнің  теренінде тұрақтадын. 
Жарығымсың нұр сәулесін төккен маған,
Асқақтаған армандаған сағынышым. 

Ұнатамын мен сені ұнатамын,
Ұнатуды басқаны білмепті Жаным.
Өзіңді ойлауменен атады таңым ,
Тек өзіңді өлеңменен жырақтадым 

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні: 25.12.19 23:06


Өлеңдер
Толық
0 0

Балуан Шолақ Баймурзин

Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған.
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0