Өлең: Қарагөз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қайырмасы:
Қарагөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанға бармаған,
Сұм басым,үйбай, сөзге ерген.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қызыл асық (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыз емес, қызыдың аты - қызыл асық,
жастар көп қыз балаға болған ғашық.
Әзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің қарап тұрсам өзі жасық.

Қыз емес, қызыдң аты - қызыл киік,
Таранған тоты құстай шашын түйіп.
Қымбатты мінездері балдан тәтті,
Кетеді көрген жерден көңілің сүйіп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Іңкәр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәмшіқамар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шәмшіқамар секілді дәп-дәл Бану,
Кісі қайда көңілді сіздей тану.
Ғашықтықтың бұ дағы нышанасы,
Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу.

Қайырмасы:
О, шіркін!
Сен дағы Бағдатта Шәмшиядай,
Балқыды, шіркін, көңіл дауаламай-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Райхан гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау,құрбым,қыз - қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Көк ала тай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.

Қайырмасы:
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай. ....
Өлеңдер
Толық
0 0