Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас)

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз...
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
14,5 -7,5

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әпке - Мерейтой 60 Жас)

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
31 -17

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Бастық - Қырық Бес 45 Жас)

Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
49,5 -26,5

Мақал - мәтел: Жас, кәрі, үлкен, кіші

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Бар мен жоқ

Бармын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Барым әзір, жоғым жай.

Жоқтан бары артық.

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0