Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды

Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.

Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.

Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ

Отандық көлікті тізгіндеуге отанымыз көмектесе ме? Жуырда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау отандық көліктерді сатып алуға мемлекет демеу қаржы қарастыратыны туралы айтып қалды.

Яғни, тұтынушыға түсетін несие салмағы қазына есебінен жабылуы мүмкін. Бұл идея қазақстандық авто-бизнес қауымдастығына жағып отыр. Ал тиімділігі бойынша сарапшылардың пікірі әртүрлі.

Қазақстандағы  машина жасау саласы өкілдерімен кездесуде айтылған ұсынысқа қатысты сарапшылар мен автоөндіріс мәселесімен шұғылданушы мамандардың  пікірлері әрқилы. Бастама мақсаты айқын біріншіден, отандық автоөндіріске серпін беру, екіншіден ішкі өнімнің халыққа қол жетімді болуына жол ашу. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары қазақстандық автоөндірістің сауда көлемі едәуір жақсарған.

"Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сатылған отандық автокөліктер саны 84836-ға жетті. Яғни былтырғы жылдан 74 пайызға жоғары.....

Жаңалықтар
Толық
0 0

Ресейге сыймаған "Рошенге" Қазақстанда рұқсат бар

Қазақстанда украиналық Roshen компаниясының өнімдерінен зиянды қоспалар табылмады, деп мәлім етті жұма күні, 16 тамызда, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Тексеріс аяқталды. Өнімнің 101 үлгісіне зерттеу жүргізілді, яғни Астанада – 46, Алматыда 55 өнімге, кәмпиттердің атауы осыншалық. Барлығы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин жұма күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ аталмыш компанияның тауарларын Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай тыйым салынбайтындығын атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Ресейде украиналық Roshen компаниясы өнімдерінің құрамынан бензапирен....

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық
0 0