Қазақша Анекдот: Отан және ана

Старшина взводты сапқа тұрғызып : * Мен бүгін сендермен саяси сабақ өтемін!* - дейді.
- Бірінші сұрақ: Арманов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
Минуттық үнсіздік: - Білмеймін.
- Ақымақ! Отан дегеніміз сенің анаң! Түсінікті ме?
- Иә!
- Сен не түсіндің?
- Отан менің анам!
- Жарайсың!
- Болатов....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
59 -34

Қазақша Анекдот: Аттың сөйлеуі

Бірде атты жолаушы итімен бірге жолда келе жатса керек. Бір уақытта ұзақ жолдан шаршаған аты жата қалып, иесіне: "шаршадым, журе алмаймын, - дейді. Аттың сөйлегенін естіген жолаушы шошып тұра қашады. Қашып келіп, қамыстың арасына жасырынады. Өкпесін басып отырып....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
27 -14

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша Ашық сабақ: Құрбан айт - қасиетті мереке

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі


Ашық сабақтың тақырыбы: Құрбан айтқасиетті мереке
Ашық сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.
2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Ашық сабақтар
Толық
26,5 -16,5

Қазақша өлең: Құрбан айт

Құрбан айттың таңы атты таңды оқыдық тізіліп,
Жүйкемізді жұлмалайды желден жүйрік жүз үміт.

Кейбіріміз осы жерден Жамараттың ап тасын,
Ақ шатырлы ақ қалаға қайта бұрдық...
Өлеңдер
Толық
22 -14

Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.

Фото с сайта rus.azattyq.org
Фото с сайта rus.azattyq.org

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.

Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.

Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.

Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.


Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Жаңалықтар
Толық
12,5 -7,5