Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол – ана тілі. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де – ұлттың тілі.Қазақстанымыз тәуелсіздік алғалы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өрістеп келеді. Оған Елбасымыздың өзі ерекше ықылас танытып, «Қазаққазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де тиісті дәрежеде қолданылуы үшін бар жағдайдың жасалуы қажеттігін қадап айтып келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу....
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясының басты кейіпкері - Анандиді сомдаған Авика Гор 6-наурыз күні «Түнгі студияда» қонақта болады.
Кереуетте ойсыз жата берер ем... Мұңымды да ашпас ем... Махаббат деп тіл де қатпаймын... Сағыныш деп шарқ ұрмаймын... Мендегі мезгілсіз мезеттерді сенің әсем күлкіңнен құрылған ноталар бөлгенін білемін, жүрегімдегі ең әдемі сұлулықты көзіммен көргенім "Сені көргенім" екен ғой...
... Қош келдің, Көктем!!! Қыстың мені ұната бермейтінін білетін едің, мен де оған ғашық болмадым... Сағынышым үстемеленіп сені күттім!!! Сенің мейірімің, жылулығың мен күн шуағың еді ғой қанша....
Сынып: 10 Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара» Мақсаты: Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу. Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке карай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады. Әйткенмен солдан соққан салқын жел өзінің өткірлігімен жұқа киімнен ызғарын өткізіп, тоңдырып, сентябрь айының жеткендігін жолаушыға еріксіз ойлатарлық еді. Біз екеу едік. Менің астымда жортақылау тапал торы ат; жүргіштеу. Ер-тоқымым ескілеу, байлардың малға мінетін ер-тоқымы. Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі. Қолтығымдағы жыртығынан жел өтіп мазамды алыңқырап келеді. Жолдасым отыз-кырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал,мұрты бар; кара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара кезді, пішініне карағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді. Жел артымыздан еді, ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Жаздай жайлап елдің шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет алып келе жатырмыз. Жанды қарға жоқ.Бірен-саран шалшық сулардың басында ұйлығып отырған топ-топ қаздарды көресің. Елдің жұртында жер ошақтың араларындағы сүйек-саяқтарды, елдің сыртындағы ескі апандардың маңайына тасталған бірен-саран әлімтікке он-он бесі жиналып қарақұс, қарға, өгіз шағалалар той-тойлап жатыр... Жүрген сайын жер өнбегендей, сол ұшы-қиыры жоқ елдің жайлауы бітпейтіндей көрінді. Бір белеске шықсаң алдыңда екінші белес. Мен шықтым. Манағыдай емес, атқа жортқан соң денем жылынып, ептеп мандайымнан тер де шығайын деді. Жолдасымның басында желпен. Елден шығарда бауын мықтап байлап алған. Шабан қаракер үсті-үстіне ұрғызған соң о да бусанайын деді білем, желпенін шешіп алып беліне байлады. Милығына түскен бөркін жоғарырақ көтеріп қойып, қаракерді бір тебініп шаужайлап жіберіп.....