Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді (фото, видео)

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы ауылдары маңыдағы өзендер арнасынан асып, лай көшкініне толды.

Су басу аймағында Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысының аймағы, Дружба және Ақжар ауылдары қалып қойды. Полиция оқиға орнын қоршауға алған. ІІМ және ІІМ ТЖК жеке құрамы, сонымен қатар ішкі әскердің әскери бөліміне дабыл қағылды деп хабарлайды nur.kz.

Куәгерлердің айтуынша, лай су Яссауи көшесінің бойымен Райымбек даңғылына қарай ағып жатыр.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары селге қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіруде.

“3:25. Эвакуация. Жанымызда сел жүріп жатыр. Мысығымыз.....
Жаңалықтар
Толық
3 -2

Серікбол Сайлаубек: Қайрат Нұртас өміріме бөгет бола алмайды

Қазақстандық эстрада әншісі Серікбол Сайлаубектің «Жұлдыздар Отбасы» журналына берген сұхбатын ұсынамыз.

«ДЕШЕВЫЙ» АДАМДАР «ДЕШЕВЫЙ» ӘҢГІМЕ АЙТАДЫ

– Серікбол, бір кездері сіз көпшілікке Қайрат Нұртастың боқтық сөз айтқан видеосын ғаламторға жариялаушы адам ретінде танылған едіңіз...

– Видеоны ғаламторға мен салды деп айта береді. Иә, ол видео¬ны түсірген – мен. Бірақ мен оны ғаламторға салып, таратқан жоқпын. Әлі күнге дейін ғаламторды қолдануды дұрыс білмеймін, қалай саламын?! Логикалық тұрғыдан ойласаңыздаршы, ол жерде Қайрат қана емес, мен де бармын. Өз-өзімді салмайтын шығармын?!

– Ол жерде сіз көрінбейсіз. сіздің салып жіберуіңіз де мүмкін ғой...

– Ғаламтор әлі дамымаған кез ғой. Қазіргідей емес, «простой» телефонға түсірілген. Бәрі сол видеоны мен салды деп ойлайды. Бірақ Алла тағаланың көзі түзу. Мені жақсы танитын адамдар менің салмағаныма сенеді. Өйткені ондай.....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша ән: Айдарбек Рысбек - Бәрі есімде (2015) [мәтін / текст]

Күндер зымырап түндер тырмысып
Жүзімде сенің елесің
Түсімнен қашам өніме енесің
Аялаған арман ақ қанатым-ай

Көздерің көркем-ай жанымды өртеді-ай
Сүйем деп тек сені асыл еркем-ай
Сырымды мен шертем....
KZ
Толық
7,5 -1,5

Қазақша өмірбаян: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы (1978)

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының....
Өмірбаян / Биография
Толық
3 -2

Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш

Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр.....
Әңгімелер
Толық
1 0

Ғибратты әңгіме: Кеш оқылған намаз

Бiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Аллаһ Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғибратты әңгіме: Дирижердің таяқшасы

Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген,.. Құдайға шүкір, жетіп жатыр!
Ұжымның аты ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа жібергенде ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге....
Әңгімелер
Толық
2,5 -1,5

Ғибратты сөздер

Парасатты қамқоршы ретінде тек ақылға ғана өз өміріңді сеніп тапсыр...

Ақылсыз адам кез келген ілімге бас ұруға құмар.

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

Ақыл - парасат тәжірибеден туады.
KZ
Толық
0 0