Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Ұстаздарға, мұғалімдерге, түлектерге, сынып жетекшіге)

Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Ұстаздарға, мұғалімдерге, түлектерге, сынып жетекшіге)

Ұстаздарға тілек

Басқару да оңай емес алтын-ұя мектепті,
Мақсатыңыз биік сапа, асқар шыңға жетпек –ті.
Ескендір ағай, ұстаздарды асқақ жолға жетелеу,
Қолынан ғана келеді тұлғалардың сіз текті.

Орындалсын ұлы мақсат, оңала берсін ісіңіз
Біз де сіздей жаны жайсаң асылдардың ізіміз.
Шәкірттерге жол сілтейтін мамандардан құралған,
Ұстаздардың басшысы да, қосшысы да өзіңіз.

Асылдан да жақын болған жанымызға,
Мейірім құсы болдыңыз басымызға.
Бар көмегін аямаған әрқашан да
Бақыттымыз өзіңіздің барыңызға.

Армандарға жеткейсіз сіз жырлаған,
Шәкіттерміз жыр шашуын жолдаған.
Гүлнар апай, жарқын болып ертеңгі күн,
Жан болыңыз мақсатынан таймаған.

Өмір сүріңіз жасыңыз жүзге келгенше,
Ана, батыр, ұстазсыз сіз бәрімізге.
Жақсылардан үлгі алған біздей жанға,
Өзіңізден білім алу зор мәртебе.

Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.

Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Жамал апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

Аманбибі апай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған осы жыл ішінде.

Жанарларды түйістірер сан арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.

Сан тамырды мың иілтіп жаралған,
Туған тілім бойымызға таралған.
Сол құндылық тамшыдайын кезінен,
Замира апай, Асем апайдан нәр алған.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп - мейірімнің тұрағы.
Ботагөз бен Альбинадай апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.
Раушан менен Әйгерім апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

Бірі әнші қалықтаған дауысты,
Бірі маман бағындырған табысты.
Гүлмира атты екі апайдың кезінде,
Кез келген іс өз орнын тауыпты.

Тарихымның үйретіп сан қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Гүлфайруз апай, Нағашбай ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.

Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Жансая, Айжамал, Балтөре сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.

Ғаламшардың сан мыңдаған қатпары,
Қандай ғажап бүгінгі күннің атқаны.
Феруза апай мен Тынығай апай үйреткен,
Біз боламыз еліміздің мақтаны.

Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Тілекші апаймен сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

____ ағай, ер жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.

Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Мира ағай мен Айнұр апай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.

Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
______ апай, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.

Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат ьтасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қатілікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.

Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнғандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
_____апай, сіз болдыңыз жыр әні.

Көңлім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып-тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.

Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.

Үлгілі ұстазымды мақтан тұтам,
Өзінен білім нәрін алып жұтам.
Шәкіртке бар жылуын сыйлар ұстаз,
Бойына біткен тәлім, биік ұстам.

Дарытып білім бойыма,
Үйреткен әріп ұстазым.
Қуанған әрбір тойыма,
Көңілімде мәңгі қыстадың.

Арманым асып белестен,
Үйрендім сізден білімді.
Аман жүр әркез, ұстазым,
Сыйлаймын әсем гүлімді.

Есейіп қазір қалсамда,
Шәкіртпін әлі сіз үшін.
Қартайма, асыл ұстазым,
Биіксіз мәңгі біз үшін.

Сарп еткен бізге бар күшін,
Арнаған күзін, жаз, қысын.
Еңбегің берген өлшеусіз,
Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.

Басымнан сипап мейіріммен,
Білімнің сырын үйреткен.
Тамаша көңіл – күйімен,
Жаманның жолын күйреткен.
Ұстазым, аспаныңыз ашық болсын,
Мерекеңіз үстем болып асып – толсын!
Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап,
Жамандық 6 қырдан қашық болсын!


Түлектерге арнау

Құрметті 20__ түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.

Құрметті 20** түлектері,
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.

Түлектерге арнау
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
соңғы қоңырау ұстазға тілек, соңғы қоңырау мұғалімдерге арнау, мектеп бітіруші түлектерге арналған тілек, 25 мая последний звонок поздравления на казахском, ұстаздар тілектер 25 мерекесіне, Қазақша Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау, 25 Мамыр - Соңғы қоңырау, Қазақша Құттықтау - тілек: 25 Мамыр, 25 мамыр сонгы конырау казакша куттыктау тилек, поздравления на казахском языке, тулектерге тілек, жас тулектерге тилек 2014, жас тулектерге тилек 2015, жас тулектерге тилек 2016, жас тулектерге тилек 2013, 25 мамыр соңғы қоңырау ұстаздарға тілек, мугалимдерге устаздарга тилек 25 мамыр сонгы конырау, тулектерге тилектер 25 мамыр сонгы конырау, 25 мамыр түлектерге тілек соңғы қоңырау, Тілектер, мектеп бітіруші түлектерге арналған тілектер, сынып жетекшісіне арналған тілек, ұстаздарға арналған тілектер, сынып жетекші тілегі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]