Құттықтау - тілек: Туған күн (ұл балама, қыз балама, ұлыма, қызыма)

Құттықтау - тілек: Туған күн (ұл балама, қыз балама, ұлыма, қызыма)

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.

Ұлыма

Қалаған өмірді қүлыншағыма силадым.
Өмір жасың ұзақ болсын деп,
Өмірімнің жарығы сың деп,
Өмір саған силадым.

Қуантып әрбір қадамың мен,
Ризамын саған үлым.
Қалған өмірді аманатқып,
Қалдырдым саған.

Тамырың кеңге жәйылсын деп,
Кәріліктің таяғын ұстаттым балам.
Өмірімнің мәнісың.
Сендей үлдың анасы болған, әкеңе рақмет.

Елдің түлғасы боларсың,
Менің мақтанышым.
Сендей үлдың барына,
Аллаға ракмет!
Фарида Оразалы

Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.

Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін.

Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

Ана құшағындай жылулық,
Көктем гүліндей сұлулық,
Атар таңның шапағатын,
Қос аққудың махаббатын,
Аспандарың ашық болсын,
Әрбір басқан қадамың сәтті болсын!!!

Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!

Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін.
Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.

Жанарың әрдайым нұр шашып,
жүзің күндей күлімдеп,
жүрегің жаздай жайнап,
көңілің көктемдей жадырасын.


Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пен жеңіс тілеймін.

Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілеймін.

Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!

Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!

Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын.

Өзіңе арманның аяулысын,
бақыттың баяндысын,
жолдардың сәттісін,
махаббаттың тәттісін тілеймін

Көңiлiң ақ болсын. Басыңа қонган бақ болсын. Отырған орның тақ болсын. Достарың саған жақ болсын. Дұшпандарың жоқ болсын. Жолдастарың көп болсын. Ата-анаңның аяулысы, достарыңның қалаулысы, суйгенiңнiң сүйiктiсi бол. Әрқашан ашық жарқын, кешiрiмдi бол. Езуiңнен күлкi кетпесiн. ДЕНСАУЛЫғЫң мықты болсын. Бай қуатты бол.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.

Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.

Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!


Күні кеше бесігіңді тербегем,
Қыранымсың көкке құлаш сермеген.
Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,
Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.

Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.

Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.

Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.

Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.

Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.

Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.

Алда барын ұмытпағын, жарығым,
Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.

Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.

Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.

Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы Марат деген баламыз бүгін міне .... жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз. Маржан келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.

Жалғызымды сағынғанда
Еске түсіп істеген барлық қылық
Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып
Түске кірсең шын көргендей қуанамын
Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Жас бала) казакша тилек, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Туған күн Жас бала қазақша Құттықтау тілек, Туган кун жас бала казакша куттыктау тилек Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала), кыз балага тилек туган кунге, туган кунге тилек ул балага 1 жас, туған күнге тілектер ұл балаға, туған күнге тілек қызыма, туган кунге тилек кыз балама 1 2 3 жас, туган күнге тилек ер балага, туган күнге тилек ул балага, туған күнге тілек балама, құттықтау тілектер туған күнге балаға, Туган кун жас бала казакша куттыктау тилек, туган кунге тилек балама, туган кунге тилек ул балама, туган күнге

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]