Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Мектеп бітіруші түлекке | 11 сынып)
Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.
Мектеп бітіруші түлектің құттықтау сөзі
Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар және кеш қонақтары! Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан - жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош - қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.
Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы - құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар.
Қымбатты достар! Мен сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге, тек қана сүрінбеулеріңізге тілектеспін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер!
Қадірлі ұстаздарымыз! Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын!
Құрметті жас түлек!
Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.
Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз.

Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте үш тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін.
Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған __ түлек «Алтын белгіге» және __ түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер болса, оның барлығы де өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап-өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!
Көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.
Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата-ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.
Кеудеңе күн орнасын. Ата-ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
Ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді.
Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз.
Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр!
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңіздер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.
Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Рақмет Сізге, Мектеп! Рақмет Сізге, Ұстаз!)
» Құттықтау - тілек: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Ұстаздарға, мұғалімдерге, түлектерге, сынып жетекшіге)
» Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мұғалім, Ұстаз - 63 жас)
» Қазақша Құттықтау - тілек: 27 Қараша - Тәрбиешілер күні
» Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас)

Іздеп көріңіз: