Қазақша Құттықтау - тілек: Мерекелік, Мейрамдық

Қазақша Құттықтау - тілек: Мерекелік, Мейрамдық

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.
Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!

- деп Тұманбай ақын ағамыз жырлағандай мынау бүгінгі 8-наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!
Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі – жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» – жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен! Мереке соңы тойға ұлассын!

Осыдан біраз жыл бұрын 8-ші наурыз күні досымның үйіне қонаққа бардым. Ойым әйелін мерекесімен құттықтап, досымның жағдайын білу. Қолымда гүл, оған қоса тортым бар. Есігін әйелі ашты, мен онымен амандасып, құттықтап, гүлім мен тортымды ұсынып, қонақ бөлмеге кірсем, құдай-ау, досымның басы ақ дәкемен оралған, көзі көгерген, оны көріп шошып кеткен мен:
– Ой, досым-ау, саған не болған, кеше түнде арақ ішіп, біреулермен төбелесіп келгеннен саумысың? - дедім
– Қайдағы ішу ... Таңертеңгісін әйелімді мейрамымен құттықтап, «не айтсаң да, қандай еркелігің болса да көтеремін» деген едім. Енді міне, мені ары өтсе де, бері өтсе де ұрып, сабап кетеді. Аузымды ашайын десем «бұл менің еркелігім ғой» деп сытылып кетеді, - деп досым өз аузынан қағынып отыр екен.
Құрметті ханымдар!
Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер-азаматтарыңыз сіздердің қандай еркеліктеріңізді болсын көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерімізге айтарым: жүректерінің түбіне біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
- деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне!» деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мейрам 8 наурыз, Мерекелік тілек-сөздер, мерекелік құттықтау сөздер, мерекелік құттықтаулар 8 наурыз, 8 наурыз құттықтау сөздер, 8 наурыз құттықтау сөздер қыздарға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]