Күйеуіме, әйеліме, ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!
Жаным, сенің қандай асқақ арманның иесі екеніңді білемін. Дұрыс армандау кез келген адамның маңдайына жазылмаған. Ал сенің арманың өзгеше. Сол арманыңның орындалып, өмірден өзің қалаған сыбағаны еншілеуіңе шын жүректен тілектеспін!
Жүрегімнің иесі, отағасы, дүниеге келген күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңнан көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық, сабырлық, еңбекқорлық пен мейрімділік бар. Сондықтан, әрі қарай көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенемдімін! Ең бастысы денің сау болсын. Басыңнан бағың таймасын. Алла абройыңнан айырмасын. Адал достарың көп болсын! Біз сені шексіз сүйеміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз! Мама, Алланың қалауымен дүниеге ел азаматын әкелгеніңіз үшін рахмет! Папа, мама сіздер аман болыңыздар!
Жұлдыз әйелі Қайрат Нұртасқа арнаған тілегі
Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.
Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.
Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.
Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.
Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!
ЖАНЫМ туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспин. Сені тек биіктерден көрейін. Қадамыңа – гүл, келбетіңе – нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың – асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін! БОТАМ
Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін! БОТАМ
Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Құттықтау - тілек: Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)
» Туған күнге арналған ерекше тілектер
» Құттықтау - тілек: Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (бауырыма)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (қызға, қыздарға)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)
» Туған күнге арналған ерекше тілектер
» Құттықтау - тілек: Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (бауырыма)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (қызға, қыздарға)
Іздеп көріңіз: