Құттықтау - тілек: Сүндет той

Құттықтау - тілек: Сүндет той

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Сүндетке отырған баланың нағашылары оған нағыз азамат болдың ғой деп тай мінгізетін болған, ата-апалары түрлі базарлығын сыйға тартқан.

Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы бар – маңдайында айы бар: жарқыраған баласы – болашағы, панасы! Бір қуанды әкесі, бір қуанды анасы – атқа қонған баласы, айға қонған санасы! Құтты болсын қуаныш, өссін елдің данасы!

Сүндет тойы баланың құтты болсын! тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп, өскен елінің айтулы азаматы бола берсін!

Жасыңды санап қарасам – биылғы жыл бестесің,
Зейнет тепті парымдап тепкішектің кестесін.
Үкілеулік ер бесті тақымыңнан кетпесін,
Қалаулы елдің ұлы бол, атақ-даңқың өшпесін.
Төгілген жорға мінгенің, жібек, мақпал кигенің,
Оқалаулы үзбесі жарқыраған түймеңнің.
Өмірлі бол, қарағым, таудай болсын талабың!
Қар үстінде от жонар – қалаушы тапса қалауын,
Бақыт қонсын басыңа, аулақ болсын ажалың.
Беделді болып еліңе, өтімді болсын базарың,
Өрге жүзсін өнерің, сынбасын сағың, ажарың!

Талмайтын талабың мол болсын,
Самғайтын қанатың сол болсын!
Ырыс-ынтымақ, баянды бақыт берсін,
Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін!

Үкілі ат астыңнан өмір-бақи кетпесін!
Қасекенің қарғысы саған мүлде жетпесін!
Елдің ерен ұлы бол – атақ-даңқың өшпесін!

Өз құрбыңның алды бол, қора толы малды бол!
Жауыңа дес бермейтін, арыстандай жалды бол!
Өсе берсін өркенің, шарлай бергін жер шегін.
Жаспен бірге бақ берсін, тәңір иіп нақ берсін!
Қайырыңды ел көріп, жомарт деген ат берсін!
Сен таңдаған келінім үйге ырыс ап келсін!

Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл міндет.
Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,
Еңбек, өнер, ғылымда қатарыңнан қалмағын.
Биік болсын талмағын,
Халқың сыйлар адам бол – орындалсын арманың!

Құрметті ағайындар, қадірлі .............!


Сіздерді бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын көңілімізбен құттықтаймыз. Мұхаммет пайғамбардың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той - сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын.
Бір кезде мұсылмандықтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде баланы жастан демекші, сүндетке отырғызуға сондай зор мән берілген. Бүгін сіздер ата-аналық борыштарыңызды өтеп қана отырған жоқсыздар, балақайдың келешегін нұсқап та отырсыздар. Баламыз өскен кезде білімді азамат болсын, рухы қазақша, ділі мұсылманша болсын, халқын сүйген азамат болсын деген тілектеріңізді жұрт алдында паш етіп, той жасап отырсыздар. Осынау ізгі тілектеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңызға жетіңіздер. Баламыз жеті жұрттың қамын ойлаған азамат, атаның ғана ұлы емес, елдің, халықтың перзенті болсын.

Мұсылмандық - бұл міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!

Баланың сүндет тойы құтты болсын, тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп өскен елінің айтулы азаматы болсын!

Бала, бала-бал ғұмыр,
Қуанышты мәңгі жыр.
Отырыпты сүндетке,
Жігіттіктің алды бұл.

Дәстүріміз бел алды,
Елдің ісі оңалады.
Өтеліпті парызы,
Жасалыпты жоралғы.

Құтты болсын сүндеті,
Ол-Мұхамет үмбеті.
Орындалды ойдағы,
Ата-ананың міндеті.

Мұсылмандық-иманың,
Екендігін біл, жаным.
Той жасапты ағайын,
Шашып барлық жиғанын.

Өмірдің бір белесі,
Мұсылмандық жөні осы.
Қуанып жүр әкесі
Көкке жетіп төбесі.
Аман-есен жетейік,
Тойларына келесі.

Мұсылман болдың қарағым,
Кәне бері қарағын.
Шырағын жағар ұлысың,
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен,
Жасалсын балық жарағың.
Көрімдігін мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң қой берем,
Тай сұрасаң тай берем,
Зат сұрасаң зат берем,
Ат сұрасаң ат берем.
Батырлығың байқалса,
Сауыт берем ақберен.
Мұратына жете бер,
Күннен-күнге өсе бер.
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін,
ӨЗ қолыңмен шеше бер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Құттықтау - тілек: Сүндет той, Қазақша Құттықтау - тілек, Сүндет той, Казакша куттыктау тилек сундет той, казакша куттыктау тилек, сундет тойга тилек, сүндет тойға баталар, сүндет тойға арналған тілектер қазақша, сүндет тойға құттықтау сөздер, сүндет тойға құттықтау сөз, сундет тойға тілек, сундет той тост

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]