40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер
Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
Қырықтың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере - шөберелі шал болғайсың.
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа,
Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.
Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.
Қырықтық қырына шығып, қамал алатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Әуелгі бақыт – денсаулық, екінші бақыт – ақ жаулық, үшінші бақыт – он саулық тілеймін. Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Бастаған істеріңіздің қашанда оңға болуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, күндеріңіз мерекелі болсын!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Қырық 40 Жас)
» Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жолдас, дос - Қырық 40 Жас)
» Құттықтау - тілек: Құрбы қыздарға (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)
» Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Қырық бес 45 жас)
» Құттықтау - тілек: Туған күн (атама, әжеме, апама)

Іздеп көріңіз: