Қазақша құттықтау - тілек: Алтын той, Күміс той

Қазақша құттықтау - тілек: Алтын той, Күміс той

Алтын той

Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге осы бақыт,
Өміріңізбаға жетпес асыл ақық.
Тағы да 50 жылда бірге жүріп,
Болыңыздар отбасына алтын, жақұт.

50 жыл бақыт сізге бұйырыпты,
Ағайын қуанышқа жиылыпты.
Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де,
Бақыт нұры отбасыңа құйылыпты.
Өсіп-өніп көркейдің ұл-қызыңмен,
Биік тұрсың жарқыраған жұлдызыңмен.
Немерелер көбейіп өсіп-өніп,
Шөбереңмен бақытты бол, құндызыңмен.

Еңбегіңнің зейнетін көріп енді,
Отыратын ортада кезің келді.
50 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп,
Жол сілтейтін алдымызға қос жанар боп.
Ауырмастан 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіз қос тұмар боп.

Күміс той

25 жыл отастыңыз бақытты,
Уайымдарға енді орын жоқ болсын.
Сыбағасын алып өмір жақұтты,
Немерелер, шөберелер көп болсын!
Арманыңыз алдамастан жетіңіз,
Қол ұстасып әр күндерге шат болып.
Қиындықты бірге жеңіп өттіңіз,
Келсін енді күндеріңіз бақ болып.

Аттандыңдар қол ұстасып өмірге,
Ауырлықты айналдырып жеңілге.
25 жыл отасыпсың бақытты,
Махаббатты біріктіріп сенімге.

Балалардың ата-анасы сүйікті,
Сіздерден тек өнегені түйіпті.
25 жыл отау құрып бақытты,
Бұл кісілер жақсы істі жиыпты.
Дәл осындай жандармен мақтанайық,
Махаббатты маздатып шаттанайық.
Ұл-қыздарын өсіріп өркен жайған,
Ұлы істері бір биік таққа лайық.

Бақыт нұры сіздерден бастау алған,
Қыз өсіріп құдадан шашбау алған.
Бүгінгі тойларыңыз құтты болсын,
Жарыңыз жетсін 100-ге жастау алған.

Күміс той деп жиналуда ағайын,
Жеңіпсіңдер тағдырдың көп талайын.
Көрген бейнет зейнет болсын ендігі,
Бақыт тілеп сыйлығымды тағайын.

25 жыл отасу бұйырмаған әркімге,
Келмек емес кездейсоқ күлім қағып әр күн де.
Думанды сәт, қуаныш, көптен күткен ұлы той,
Бақыт келіп дәм татсын шаңырақтан әр түнде.

Ұл-қызыңның қамдап әрбір астарын,
25 жыл өтіп кетті қас-қағым.
Қол ұстасып 100 жасқа да жетіңдер,
Бақыт қонып, аман болсын бастарың.

Бір-біріңе тіреу бола білдіңдер,
Бірің күлсең бірің қоса күлдіңдер.
Қиындықты бір көтеріп жұмыла,
Бір-біріңе демеу бола жүрдіңдер.
Алдағы өмір тек бақытын сыйласын,
Ұл-қыздарың шаттық гүлін сыйласын.
Өнегелі ата-әже боп, үйлерің
Немере мен шөбереге сыймасын.

Күміс тойың құтты болсын бүгінгі,
Сыйлайынщы сізге арнап гүлімді.
Мәңгі бірге айрылмастан жүріңіз,
Ұрпақтарға болыңыздар шын үлгі.

Дүрілдетіп өтіп жатыр күміс той,
Болады екен бұл қалайша тыныш той.
Билейікші, күлейңкші шаттанып,
Тілек тілеу шын ниеттен бір іс қой.

Ерік беріп есепсіз ақыл-ойға,
Сыйдырып сабырлықты тұла бойға.
Бәйтеректей алып бір өркен жайып,
Күміс тойдан жетіңіз Алтын тойға.

Күмбірлеуде бүгінгі домбыра үні,
Өйткені, күміс тойы ата-ананың.
Көркейіп көмкеруде көңіл гүлі,
Мәртебең аса берсін салтанатың.

Үміттеніп бақ болар деп атар таң,
Қалдырмастан ұл-қызыңды қатардан.
25 жыл отастыңдар «әй» демей,
Қол ұстасып келгендейсің сапардан.
Көрген бейнет ендігі тек бақ болсын,
Ұл-қыздарың сыйлап көңіл шат болсын.
Махаббаттың белгісіндей баянды,
Сенімдерің селкеу түспес ақ болсын.

Бірге шығып әр кез ақыл-ойларың,
Балалардың қызығына тоймадың.
Ортамызда күліп-ойнап жүре бер,
Әке-Ана, құтты болсын тойларың.

Балаларың тізілуде тілек тілеп,
Әке, Ана деп біздердің соғар жүрек.
Денсаулық, бақыт, шаттық толсын бәрі,
Ортамызда жүре бергін болып тірек.

25 жыл кетіпті зырғып өтіп,
Күндерді жылды жеңер бұрғы етіп.
Күміс той Алтын тоймен жалғас болсын,
Жүріңдер махаббатты шындық етіп.

Ұл-қызыңның саясы,
Құшағы кең аясы.
Ата-анаммен мақтанам,
Болғаныма баласы.
Тілеймін алтын тақұтты,
Әсем өмір жақұтты.
Құтты болсын күміс той,
Сыйласын әр күн бақытты.

Бір-бірінің көңілін таба білген,
Түсінген қабағынан дана түрмен.
Ата-ана, мені туған айналайын,
Тәрбиеңмен бойыма сана кірген.
Бала деп ас тасыған күндік жерден,
Қараңғыда қалмасын деп түндік түрген.
Аман жүр, ауырмашы, ата-ана,
Сіздер жүрген жерде тек шындық жүрген.

Бір-бірімен таба білген келісім,
Өмір-фильм таба білген желісін.
Күміс тойда шаттануда ата-ана,
Бірге күліп, бір кеңейткен өрісін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алтын той куттыктау, алтын тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга тилек куттыктаулар, күміс тойға арналған тілектер, алтын тойға арналған тілектер, золотая свадьба поздравления на казахском, золотая свадьба поздравления в стихах на казахском, серебряная свадьба поздравление на казахском, серебро, золотая свадьба, поздравления на казахском, серебряная свадьба, поздравление на казахском, Қазақша Бата - тілек: Алтын той Күміс той, Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Қазақша Бата - тілек Күміс той, алтын тойға бата, күміс тойға бата, алтын тойға тілек, 50 жыл алтын тойға тілек, алтын той құттықтау тілек, кумис той 50 жыл куттыктау тилек, кумис той 50 жыл поздравления на казахском, күміс тойға тілек, 25 жыл күміс тойға тілек, күміс той құттықтау тілек, кумис той 25 жыл куттыктау тилек, кумис той 25 жыл поздравления на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]