Әңгімелер

Әңгіме: Эдгар По Вильям | Вильсон

Есімді алған елестей, не дейсің маған ұятым!

Чемберлен. Фаронида

Бұл жолы маған өзімді Вильям Вильсон деп атауға рұқсат етіңіздер. Өз есімімді жазып, мына алдымда жатқан ақ қағазды ластаудың қазір қажеті жоқ. Бұл есім жұрттың жүрегін шайлықтырып, үрейін ұшырып, өшпенділігін өршіткен. Өйткені мен тап болған бұрын-соңды құлақ естімеген сұмдық масқара жөніндегі суық қауесет әлемді шарлап кеткелі қашан. О, жұрттың бәріне құбыжық болған сұмырайдың сұмырайы-ай! Азды-көпті мәні бардың бәрінен, жер бетіндегі құрметтен, гүлден, игі үміттен мәңгі мақұрым болдық емес пе?! Сен үшін тұңғиық аспан тұнжыраған, түпсіз түнекке оранды емес пе? Егер мүмкіндігім келсе, әрине, мен бүгін бұл арада өмірімнің соңғы жылдары туралы, өзімнің шексіз қасіретім мен құлақ естіп көз көрмеген озбырлығым. туралы айтпаған да болар едім. Құнан қойдың жасындай жасым қалған шағымда арсыздықты асырып жібердім, енді мен бұл арада соның бастауын ғана баяндағым келеді. Азғындық жолға адам бірте-бірте түседі. Менің бойымдағы игі қасиеттің бәрі құдды сулық шекпен сияқты бір мезетте сыпырылып түсті де қалды. Майда-шүйде күнәдан мен Гелиогабалға лайық зұлымдыққа алып адыммен бір-ақ аттадым. Бұл қырсыққа кінәлі нендей жағдай, қандай оқиға? Сабыр етсең, оқушым, бәрін де ретімен баяндап беремін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Үрей


Жәркембайдың ұнамсыз бір кемшілігі бар: біреумен сөйлескенде немесе жазу жазғанда, ұдайы танауын шұқып отырады. Осы бір сүйкімсіз әдеттен өзінше ләззат алғандай сыңай білдіреді. Мына түріне қарағанда, ол өзінің бұл кемістігін мүлде сезінбесе керек. Тіпті, мән де бермейді ғой деп ойлаймын. Өйткені ол менің ескертпе сөздерімнен ешқандай қортынды шығарған жоқ. Бөлім бастығы болғандықтан, телефон үнемі соның алдында тұрады. Аппарат шылдыр етсе, әйтеуір, сол кісі жауап беріп жатады. Міне, телефон тағы да шылдырлады. Асып-сасқан Жәркембай:

— Кәзір, кідіре тұрыңыз!—деді де, ала құйын боп, бөлмеден зытып шығып кетті. Бес-он минуттан кейін арсалаңдап қайта оралып, стол үстінде жатқан тұтқаны қолына алып, кінәратты адамдай мүләйімсіп жауап бере бастады.

— Алло!.. Ол кісіні таба алмадым. Ия, төртінші этажға да шықтым. Биллиардханада дейсіз бе?.. Онда жоқ. Мүмкін, асханада болар. Барып білейін бе?.. Керегі жоқ дейсіз бе?.. Жарайды, сау болыңыз...

Терлеп-тепшіген Жәркембай беторамалымен маңдайын сүртіп, креслоға отыра кетті. Кейпінде назаланғандық нышан бар.

Мен бастығымды аяғандай болдым.

— Түу, қатты әбігерге түстіңіз ғой... О кім екен өзі? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Азамат болу міндетім


(Мектеп бітіруші шәкірттер үшін өтінішпен жазылған).

Халқымыздың тілінде азамат, азаматтық ұғымы екі түрлі мағынада қолданылатындығы бар. Екеуі де – қастерлі, екеуі де – қасиетті ұғым. Бірі – адамның өз мемлекетіне деген саяси-құқықтық тұрғыдағы қарым-қатынасын айшықтайтын заңдық мәні бар ұғым болса, екіншісі – адамның ішкі қадір-қасиетінің өлшемін бағалайтын киесі бай ұғым. Осы екі ұғым мағыналық тұрғыдан алуан түрлі болып көрінетін болса да, ішкі ой, таным тұрғысынан алғанда бір-біріне тіпті жақындай түсетін секілді. Себебі белгілі, бірінші ұғымда Отан деген қасиетті сөзді еске алып тұрсақ, ал екінші ұғымда адамның ар-ожданы, ұят-иманы, сана мен жан-дүниесінің асқақтығы тілге оралады. Айтылған қастерлі сөздердің бәрі, айналып келгенде, біз үшін рухани тұрғыдан нәр аларлық мағынасы бар дүниелер екендігі даусыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні


Суға құлаған кекілікті ұстап алған Ораз оның ұйпалақтанған мамығын сипап біраз тұрды. Қорғасын бытыраның екі-үшеуі оң қанаттың түбін ала топшыдан тиіпті. Ала қанат жануар ешбір жазығы жоқ, енді міне, адам тамағынан өткелі тұр. Семіз екен, бөтекесі томпайып, жансыз денесі былқ-сылқ етеді. Жаңағы екеуі де қоразы еді, мынау да солай. Нысанадан шыққан екен. Ораз: «Апыр-ау, атарын атып алып, енді мұным не?»— деп ойлады да, алғашқы екі кекіліктің жанына байлай берді де, жалма-жан оларды да шешіп жерге тастай салды. «Сенің жазығың жоқ, біздің азығымыз жоқ», демеуші ме еді, мал сойғанда қазақтар. Иә, солай!

Ол кекілікті ұстаймын деп тізесінен су болды. Отыра қалып етігін шешіп, ішіндегі суын текті. Шұлғауын сықты. Сонан соң аз да болса дегдісін деп көген бойындай жерде тырбиып аласа өскен тобылғының үстіне екі шұлғауын да жайып қойды. Балтырын түріп суға барып аяғын жуды. Су сүйектеніп қалыпты. Қоңыр күз түгіл жазда да шекеңнен шығатын тастай су етін қарып кетті. Ауа сирек болғаннан ба екен, тауда күн тым өткір болатыны несі екен. Ол күнге қарады. Сәске түс болыпты. Қайтса да жарар. Жайулап ауылға жеткенше де түс болады. Он бесінші жылдың күзі де келді. Қарды қара, Айғайдың басын шалып қалыпты. Ол әлде не ойына түскендей қалтасын сипалады. Одан газет алып, бір қой тасқа отырып оған үңіліп қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Түнделеткен күйме


Мен қиялдың күші туралы, оның біздің өмірімізге тигізетін әсері туралы жеке бір тарауды жазғым келіп еді. Бірақ, біраз ойланғансын, мен со тараудың орнына ақын Андерсен туралы әңгімені жаздым. Меніңше, бұл әңгіме сол тараудың орнын басады және қиял тақырыбы туралы айтылатын жалпы сөзден гөрі, оған айқынырақ мәлімет береді.

Венецияның "Чартоза" атты ыбырсыған ескі мейманханасынан сия іздеп табу қиын. Сияның қажеті қанша мұнда? Келімді-кетімді қонақтар есебіне бұрқыратып ақша жазу үшін керек пе?

Рас, Христиан Андерсен "Чартозаға" келіп жайғасқанда, қола сауыт түбінде жылтырап болар-болмас сия қалған екен. Ол со сиямен ертек жаза бастады. Бірақ, сағат сайын ертегісі сұйылып, жібі босаңси берді, өйткені, Андерсен әлденеше рет сия үстіне су құйып еді. Бірақ ертекті аяқтай алмады. Көңілді аяқталатын ертектің соңы сауыт түбінде бұғып қалғандай.

Андерсен мырс етіп, келесі ертегімнің атын: "Қаңсыған сия сауыттың түбінде қалған тарих" деп атармын деп ойлады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Москвадағы труба алаңында

Рождество монастырының қасындағы шағын алаң Труба алаңы немесе жай ғана Труба деп аталады; жексенбі күндері осы алаңда базар болады. Тон, бекеш киген, бастарында тері картуз, цилиндрлері бар жүздеген адамдар осы жерде, сүзекіге салған шаяндай қыбырлап қаптап жүреді. Алуан түрлі құстардың шуылдап сайрағанын естігенде, көктем есіңе түседі. Егер аспан ашық, күншуақ болса, құстардың сайрағаны анығырақ естіліп, тіпті көк шөп иісі айқын сезіле бастайды, сол кезде көктемді аңсаған көңіліңіз шарықтап кетеді. Алаңның бір шетін ала арбалар қатар түзеп тұрады. Әкелген жүктері көп емес, қырыққабат емес, ноқат та емес, шымшықтар, сарышымшықтар, бозторғайлар, сиыр құйрық сары шымшықтар, бөрік торғайлар. Бұл құстардың бәрі де қолдан олақ құрастыра салынған қапастарда секеңдеп, далада бос жүрген бауырларына қызыға қарап шырылдасып қояды.

Шымшықтар бес тиыннан, сарышымшықтар қымбатырақ, ал басқа құстардың бағасын білудің өзі қиын.

— Мына бозторғайыңа не сұрайсың?

Бозторғайына не сұрайтынын сатушының өзі де білмейді. Ол желкесін қасып, құдай аузына не салса, соны айта салады, не бір сом дейді, немесе үш тиын сұрайды, оны саудалаушының түріне қарай айтады. Қымбат құстар да бар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эвалюциялық бір саты

Қазақстан әлем эфирінен орын алғанына жақында 26 жыл. Сол сындарлы жылдар барысында бастан кешкен қуанышымыз бен тауқыметіміз аз емес. Көшкен құстай бір-бірінің соңынан ілескен уақыт 6 ғасырға жуық тарихы бар қазақ көшін жылдар жылжыған сайын ілгерілетті. Түрлі өзгерістерге бой үйретіп, талай жаңашылдыққа бет бұрдық. Сансыз жобалармен жұмыс атқарып, көптеген стратегия, идеялар барысында халық арасында ауыз толтырып айтарлықтай жаһандану, жандану толқыны көрініс алды.

Ел игілігі үшін жұмыс атқарып жатқан жобалардың соңғысы «Рухани жаңғыру» аясында талданған «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ» жобасы сәуір айының ортасында орайы түсі , оң жамбасымен Үкімет басшылары арасына топ ете түскен еді.

Бұл жоба 2017 жылдың аяғына дейін бірыңғай стандартты нұсқасы жасалуы тиіс болған. Соның негізінде оқу праграммасы латын әрпінде жүргізілуі , мектептер мен басқа да оқу орындарында жазба түріне енген жаңа жазудың жетілдірілуі келер 2018 жылдың анық та, айқын мақсаты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Святкиде

— Не деп жазайын? - деді де Егор қаламын сияға малды.

Василиса қызын көрмегеніне төрт жыл болған. Ефимья дейтін қызы ерте тұрмыс құрған соң күйеуімен бірге Петербургке кеткен еді, барғаннан кейін екі-ақ рет хат жазды да, сонан соң тап бір су түбіне батқандай із-түзсіз, зым-зия боп жоғалды да кетті. Кемпір сорлы таңертең ерте тұрып сиыр сауып жүрсе де, пешке от жақса да, түнде ұйқылы-ояу жатса да. Ефимьям не болды екен, аман-есен жүр ме екен деп қызын ғана ойлайтын. Хат жазып хабарын білу керек еді, бірақ шалым хат танымайды, басқа жазып бере қоятын адамы да жоқ.

Сөйтіп жүргенде святки келіп қалды да, Василиса шыдай алмай трактир2 иесінің інісі Егорға барды. Ол өзі бір әскери қызметтен қайтып оралғаннан кейін түк бітірмей үйде, трактирде қарап отырған адам еді. Ақысын жақсылап төлесе хатты сол оңды жазады деседі жұрт Василиса ең әуелі трактирдегі аспазшы әйелмен сөйлесті де, сонан соң иесімен, сонан соң Егордың өзімен сөйлесті Сөйтіп он бес тиынға келісті. Міне, енді бұл оқиға мейрамның келесі күні, трактирдегі асхананың ішінде болып отырған оқиға еді. Егор қолына қаламын ұстап, үстел басында отыр. Василиса терең бір ойға шомып, шаруашылықтың қамы деп жабыққан адамдай боп Егордың алдында тұр. Өзімен бірге шалы Петр де ере келіпті. Шалы маңдайының қасқасы күреңітіп тұратын өте жүдеу, ұзын бойлы бір ашаң адам екен; Ол тап бір соқыр адамша қыбыр етпестен мелшиіп алдына тура қарап тұр. Плита үстіндегі кәстрөлде шошқа еті қуырылып жатыр. Ет быж-быж етіп, тіпті, "флю-флю-флю" дегендей боп та қояды. Кухня іші қапас.

— Не жазайын? — деді тағы да Егор.

— Немене бастырмалатып кеткенің! — деді Василиса Егорға ашулы пішінмен күдіктене қарап. Бастырмалатпа! Текке жазып отырған жоқсың ғой .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Ақсақалдар лигасы

Казармада бір адамға сот болып жатыр еді, мәселе я өмір, я өлімге тірелген. Бұл адам Юконға Лe Барж көлінің төмен жағынан құятын Ақ Балық өзенінің ну орманды жағасын мекендейтін Имбер дейтін үндіс шал болатын. Оның ісі бүкіл Доусонды, жоқ тек Доусонды ғана емес, жалпы Юкон аймағының мың мильдік о жақ бұ жағын түгелдей дүр сілкіндірген. Англосакстер өздері жаулап алған жерлерде ертеден-ақ ерекше заң орнатқан ғой, және ол заң өте аяусыз, қатал-ды. Бірақ дәл осы сотта, Имбердің ісіне келгенде, бұл заң алғаш рет тым жеңіл, тым рақымшыл көрінген. Ең бастысы, мұнда, — қарапайым ғана арифметикалық көзқарас тұрғысынан келгенде, жасалған қылмыс пен оған қолданылатын жаза арасында ешқандай үйлесім жоқ екен. Мына қылмыскерге тек қана өлім жазасы кесілетініне, әрине, ешкім күмән келтіре алмайды — басқадай жаза тіпті миға да кіруге тиіс емес — алайда бұл бір-ақ адамның құны ғой, ал Имбердің мойнында қаншама жанның, қаншама боздақтың қаны бар десеңші!

Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді. Ол бүкіл өмірінде нешебір бейбақтың жанын жаһаннамға жібергенін өзгені қойып, өзі де білмейтін шығар. Ал осы аймақтың тұрғындары жол жүріп келе жатып, асудың үстінде темекілерін құшырлана тарта отырып, немесе кешкілік ошақ басында қоңыр әңгімені қоздатып қойып, бұл шалдың қай жерде кімді өлтіргенін, қалай өлтіргенін, одан соң да қаншасын келмеске аттандырғанын жыр қылып айтып, саусақтарын санай берер еді. Ол құрбандардың барлығы — еңбектеген баладан, еңкілдеген шалға дейін түп-түгел ақ адамдар-тұғын, олар кейде жалғыздан, кейде жұбымен, енді бірде топ-тобымен өлтірілген. Және ешбір себепсіз, салдарсыз, қолға ілікті — бітті, ажал құшқан бәрі де. Бұның сыры, басқаны былай қойып, мұндағы корольдік атты полицияға да күні кешеге дейін белгісіз боп келген. Тіпті Юконнан алтын табылып, доминион үкіметі бұл жерге өз губернаторын жіберген кезде де "кездейсоқ жоғалғандардың" жұмбағы жұмбақ күйінде қалып еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сая Молдайып | Шаниннің феномені Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл


Нағыз нар туғандар елін өркениет өріне өрістетпек. Бұл – хақ!

Біз сөз еткелі отырған Жұмат Шанин де елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Тарих солай дейді.

Ең ауыр өкініш - қазақтың марқасқа ұлын қилы заман қылышымен қиып түсірді - «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті.

Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы атасының мерейтойына арнайы келген қоғам қайраткері, режиссер, драматург, актер Болат Шанин сұхбат барысында әңгімеледі...

- Атамекенге қош келдіңіз, Болат аға!

Шана әулеті мен Жұмат Тұрғынбайұлының тағдыр-талайы хақында білгіміз келгені көп еді...

- Жұмат атамыз Баянауылдағы Желтаудың бауырындағы Қаратал қыстауында 1892 жылы туған екен. Арғы атамыз Қожамберді деген батыр адам болыпты. Бергі атамыз Шана бес ағайынды екен.

Атамыз дарынымен, алғырлығымен маңайын мойындатқан, өнерпаз адам болған. Шанадан - Тұрғынбай, Тұрғынбайдан - Жұмат пен Әкіш туады.

Шана әулеті өз еңбектерімен күн көрген, тұрмыстары кедей болған. Аз ғана малмен жағдайлары түзелмейтінін білген соң, Шана әулеті басқа кәсіп іздейді.

Сөйтіп олар туған жері Желтауды тастап, Шөптікөлге келеді. Мұндағы жаңа ашылған шахтаға түседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0