Кавказ, сен менің алдымда тұрсың. Сенің асқар шының көз алдымнан кетпейді. Мен сені окопта жатып көріп отырмын. Жүрегіңнің қалай соққаны маған естіліп тұр. Сенің басыңа қауіп төнгенін, сенің жауға зығырданың қайнағанын сеземін мен.
Кавказ, немістер саған қарай ентелеуде. Парнасқа да оқ, атқан олар, сенін шыңына да оқ атқысы келеді. Немістер Гомердің ұрпақтарын атып-асып, тірі қалғандарын аштан қыруда, олар неміс айуандарынан қорлық керуде. Элладаның атам замандағы тасы гректің жас қыздарының көзінен аққан жасына боялды. Грек қыздарын фашистер. күң етті. Тыңдаңыздаршы, грузин, армян, азербайжан, осетин, қыздары, ардақты апа-қарындастарым! Егер Кавказға өте қалса, сіздердің бастарыңызға да сол түнекті орнатпақшы ол сұмдар.
Тыңдаңыздар, Шығыс пен Кавказдың ұлдары, менің бауырларым! Отанымыздың қасиетті асқар белі — Қазбек пен Эльбрустың алтын шынын қайтып қана неміс оғына талқандатқызарсың? Бостандық, сүйгіш, көп ұлтты, тәкаппар Кавказды қайтып қана фашистердің құлдық ойнағы етерсің?
Кавказ! Шота Руставелидің туған жері, Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, Совет Одағының мақтаны, сеңі қалайша сүймессің, қалайша сені мақтаныш етпессің? Мен қазақпын, мен сенен алыс жерде туып-өскем, бірақ сен үшін елуге де, сені қорғап қалуға да бармын, енді біздің ұран осылай болуға тиіс, достарым! .....
Шіркін, ауылдың қыстауын, жаз жайлауын айтсайшы. Қаладағы машиналар мен зауыттардың будақтаған түтіне тұншыққан ауасынан жусан иісі аңқыған ауылым артық. Иә, мен ауылдың таза ауасын,ағарғанның дауасын, сылдырап аққан бұлағын, жағасында жайқалып өскен құрағын, қырында қашқан қу түлкісін, әпкелерім мен жеңгелерімнің күміс күлкісін, әке мен ағаның қадір-қасиетін сезініп, бар жақсылығын бойыма жиып өстім.
Әлі есімде, апам қалаға барып келген сайын айтатын: «Жүрегім қысылып келдім, ауасы басымды ауыртты», - деп. Ал мен болсам түсінбейтінмін. Неге? Неге ылғи апам қалаға барып, шаршап-шалдығып келеді деп ойлаушы ем. Бірде сәті түсіп мені апам қаладағы ағамның үйіне жіберді. Қалаға баратын автобусқа мінген сәттен-ақ бір түрлі,ауылға деген қимас сезімім оянғандай болды. Қаладағы ағамның үйіне де жеттім. Мүлдем басқаша, тіпті қала тұрғыны мен дала тұрғынының арасында үлкен айырмашылық бар екен. .....
Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы
Сағат түнгі екіде қос ат жегілген үлкен күйме Калькутта көшелерінің біріне келіп тоқтады. Ішінен бір жас жігіт шықты да жан-жағына қарады. Жанынан өтіп бара жатқан жалдамалы фаэтон арбаны шақырып алды.
Күймеде еуропаша киінген бір мас балаң жігіт аяғын алдыңғы отырғышқа салып, басын салбыратып жіберіп ұйықтап жатыр − жуырда ғана шетелден оралған бенгал жігіті. Туған жерге қайтып келу құрметіне достары банкет ұйымдастырған. Мына батыр мас болып қалған соң дос-жарларының бірі күймесімен үйіне апарып салмақ болған-ды. Міне енді ол ұйықтап жатқан мас жігітті бүйіріне түртіп оятты:
− Ей, Мазұмдар, мен бір фаэтон таптым, үйіңе апарып салады.
Балаң жігіт ағылшынша мыңқылдап әлдебір тұздықты сөздер айтты да фаэтонға келіп отырды. Досы арбакешке Мазұмдардың қайда тұратынын түсіндіріп, күймесіне оралды.
Фаэтон бір мезгіл тура жүріп барды, содан кейін Паркстритке іргелес бір көшеге бұрылды.
Балаң жігіт тағы да ағылшынша сөйлеп ләйліп келеді:
− Бұл не сұмдық! Қайда бара жатырмыз? − Соны айтты да қайта ұйқыға кетті. "Жоқ, дегенмен біз дұрыс келе жатырмыз", − деп ойлады ұйықтап бара жатып.
Кенет өзін біреу көтеріп әкетіп бара жатқандай, шалқаюға ерік бермейтін секілді болып көрінді оған. Көзін ашып, жан-жағына қарап еді, ешкім де көрінбеді. Дегенмен жігітті фаэтоннан әлдебір күш ығыстыра бастаған секілді.
"Не сұмдық болды?" − деп ойлады Мазұмдар атшыны шақырды.
Бірақ атшы үн қатпады. Жігіт терезені ашты да, басын шығарды, атшының қолынан тартты.
− Мында не топалаң болып жатқанын байқа, кел бері.
− Мырза, бекерге әбігерленесіз, онда ешкім де кіре алмайды.
Осы сәтте оған денесіне ине қадалған сияқты болып кетті.
Балалық шақтан болашаққа жетелеп,маман иесі атану үшін,яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шет тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013-2014 жылы аяқтап, 2014-2015 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1 курс студенті болып оқуға қабылдандым.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі. Осындай университетті таңдағаныма және оқып жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын.Мен Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алудамын. Университет қабырғасында үш жыл өмірімдегі ең бақытты, ең қызықты сәттер болды. Әрине қызығымен қиындығы қатар жүрді. Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Әрбір студенттің мақсаты университет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының маманы болу. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін. Осы мақсатқа жетуімен жол сілтеген , өзінің ақыл-кеңесімен тек мені ғана емес біраз студентті өзінің артына жетелеген Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасы мұғалімдері мен оқытушыларына айтар алғысым шекcіз. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін.Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Алиакбарова Айгерім Тілесбекқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман,зор мәртебе және үлкен бақыт.Алдағы уақытта университетті үздікке аяқтап, өз саламның жақсы маманы болсам деймін. Мен де өз оқытушыларым секілді артымнан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өзімнің айтарлықтай орнымды қалдырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу – үлкен мақтаныш,зор қуаныш. Мәңгілікке жасай бер,өркендей бер,гүлдене бер, ҚазҰУ-ым
Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті .....
Мен бұл хатты дзоттан жазып отырмын. Біз осы тамаша бекіністі тек жаңа ғана сен үшін арнайы салып бітірдік. Біз — саперлер бұған өзіміздің бар шеберлігімізді жұмсап, дзоттың мүмкіндігінше жақсы да мықты болуына күшімізді салдық.
Оны салу барысында біз бір-бірімізге:
Жаяу әскер бұл бекіністен фашистерге — біздің ата жауымызға қарсы оқ боратады. Мүмкін ол немістерді бекініске жақын жіберіп, оларды ондап жояр. Мүмкін жау дзотты қоршап та алар, бірақ біздің жаяу әскер досымыз фашистер түгелдей қырылғанша шайқасады,— деген едік.
Онда қарт сапер Семен, айналаны шолып өтіп:
Бұл арада қып-қызыл шайқас болады! — деді.
Мұны естіген комсомолец Ғазиз:
Көзіммен керсем бе, сол ұрысты?!—деп саңқ еткені әлі құлағымда. .....
Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....