Әңгімелер

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жасыл Ел

«Жасыл елдің» мүшесімін мен деген,

Дегенінде ағама мен сенбеп ем.

Ерте тұрып, шайын ішіп, күрек ап,

Шыққанында мен соңынан ерген ем.

Бір көшені кесіп өтіп көлденең,

Көк жиекке ұштасқандай көлбеген.

Көп ұзамай шықтық ауыл шетіне,

Осында екен кәрі мен жас ел деген.

Кеткен екен іске әбден беріліп,

Жалқауланып тұрған жан жоқ керіліп.

Көшеттерді егіп жүрген жұртпенен,

Балаларда мен сияқты елігіп.

Шелек-шелек су әкеліп құяды,

Жұмысшылар, ел ағасы зиялы.

“Жасыл елдің” келешегін сөз етіп,

- Қара шаңды асау желді тияды.

Әрі пана, әрі ауаны тазалап...

Жасыл елдің келешегі ғажап ақ.

«Жасыл елге» қалай үлес қосам деп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Сын сағатта тас түйін біртұтас болған ел

1941 жылғы 22 июньде фашистік Германия Совет Одағына соғыс жарияламай, тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік Германия 1939 жылы совет — герман мемлекеттері арасында жасалған өзара соғыспау туралы келісімді опасыздықпен бұзды. «Империализмнің ең негізгі сипатының бірі — империализм әр кезде-ақ ұлттық соғыстарды тудырып отыруға тиіс» — деп атап көрсеткен еді, Владимир Ильич Ленин өз еңбегінде. Европаның көп елдерін басып алғаннан кейін фашист жендеттерінің әскери-экономикалық қуаты барынша нығайды. Францияның, Австрияның, Чехословакияның соғыс заводтары, Румыния мен Венгрияның мұнай кәсіпшіліктері, Норвегияның рудниктері гитлершілерге қызмет етті. Бұл — аса күшті әрі зұлым жау еді. Неміс-фашист армиясының жеке адам санының құрамы Қызыл Армиядан 1,8 есе, танкісі 1,5 есе, соғыс самолеттері 3,2 есе, зеңбіректері мен минометтері —1,2 есе артық болатын. Фашистік Германияның 217 девизиясы және 5 әуе флоты болса, 1941 жылғы июньде жаудың 153 дивизиясы мен 4 әуе флоты СССР-ге қарсы қойылды. Германия сатиллит (одақтас елдер) әскерлерін қосқанда Совет Одағына қарсы барлығы 190 дивизиясын, 5,5 миллион солдат және офицерлерін, 3712 танкісін, 4950 әскери самолетін, 47260 зеңбірегі мен минометін, 193 соғыс кораблін және т. б. соғыс техникасын соғысқа қосты. СССР-дің әуе кеңістігіне мыңдаған фашистік самолеттер ұшып келіп қалаларға, аэродромдар мен темір жол тораптарына бомбалар тастады, мыңдаған зеңбіректер шекарадағы заставалар мен Қызыл Армия бөлімдерін атқылады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Оқытушы мен студенттер

- Мені жұрт қатал оқытушы деп айтады, - дейді оқытушы. - Студенттерін қинайды дейді, оларға қоймайды дейді. Мұндай әңгімелер өзімнің де құлағыма жетіп жатады. Тіпті бірде ректорға дейін жетіпті. "Өркен, сені жұрт солай деп айтып жүр ғой, неге студенттеріңді қинайсың?" - деді ректор. "Онда сабақ сұрамастан қойып бере берейін", - дедім. "Мен олай деп тұрған жоқпын, - деді ректор. - Бірақ студенттер де адам баласы ғой. Кішкене түсіністікпен қарасаңдар болмай ма?"

Бірде бір қызық оқиға болды. Жазғы уақыт еді. Жазғы сессияның басталған кезі. Оқу орнынан шығып, жаяу жүргіншілер жүретін соқпаққа түсіп алып келе жатқанмын. Бір кезде жолдың жиегінде отырған бір келіншекке көзім түсіп кетті. Әлгі келіншектің түрі деген әбден әбіржіп кеткен. Өзі жерге төселіп, жайғасып отырып алыпты. Жанына еріксіз аялдадым. Түріне қарап аяп кеттім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Каштанка

I

Әумесерліктің әлегі

Қанден мен көпек төбеттен шыққан түлкі тұмсық, тексіз сары дүрегей тротуар бойымен әрі-бері бүлкектеп, жан - жағына жалтақ-жалтақ қарай берді. Анда-санда бір тоқтап, табанынан ызғар өткен соң аяғын алма-кезек көтереді де: япыр-ау, осы мен қалайша адасып кеттім дегендей қыңсылап қояды.

Таңның атқанын, күннің батқанын, тіпті мынау бұрын аяқ басып көрмеген бейтаныс көшеге қалай тап болғанын да жақсы біледі.

Балташы Лука Александрин ертеңгісін құлақшынын милықтата киіп, қызыл шүберекке ораған әлдебір затты қолтығына қысты. Дүрегей тақтай сүргілейтін жаңғырық астындағы ағаш үгіндісінде жатыр еді:

— Каштанка, кеттік! - деген таныс дауысты естіп жылы орнынан атып шықты да, рақаттана бір керіліп алып, иесінің соңынан салпақтап ере жөнелген. Лука Александрычқа жалға жұмыс тапсыратын адамдар тым қашықта тұратын, солардың әрқайсысын бір сүзіп шыққанша балташы талай трактирге кіріп, сусын қандырып алушы еді. Жол бойы өзін шектен тыс дарақы ұстағанына да Каштанка енді өкінгендей. Көшеге еріп шыққанына қатты қуанған дүрегей біресе далақтап көрінген конканы1 қуалап кетті де, енді бірде қайдағы жоқ ауланы тіміскілеп, абалап бейтаныс иттерге жармасты. Жиі-жиі көз жазып қалған балташының қайта-қайта тоқтап оған зекіп ұрысқаны да есінде. Қызара бөртіп Лука Александрычтың сызданып:

— Сеспей қат!.. Сеспей қатқыр албасты, - деп құлағынан тартқанын да ұмытқан жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Айтуар Өтегенов | Құла ат қасіреті

I
Бұл пәниден пешенесіне жазылғанның бәрін тілімен татып, көзімен көрген Тұрмамбет батырдың қартайған кезінде келінінен естіген сөзінің іште тынған құсасы жан досы Балуанияз батырдың бейітінің басына келгенде лықып ақтарылды.

— Уа, Балуанияз! Еңіреп өткен ерім, орда бұзар отыз-ақ жасыңда еліңді жаудан қорғап жүріп, майданда қаза болған неткен бақытты едің. Сенің артыңда қалып, боқ домалатқан қара қоңыздай ұзақ ғұмыр сүргенде көрген нәпақам қайсы? Ошағының отын әзер жағып жүрген салпы етек, шайпау келіннің тілі тиді. Жаудан қайтпаған жүрегім бір шүйке бастан шайлықты. Енді өмір сүргім келмейді, мені қасыңа алып қал, құрдас...

Тұрмамбет атынан түсе сала құрдасының қабірінің суық топырағын құшақтап, еңкілдеп жылады. Өзі ес білгелі сексен жылдық ғұмырында тұңғыш жылағаны да осы болар. Келінінің "осы кәрі қақпастан-ақ құтылмадым-ау" деген сөзін естігеннен өлгені артық. "Қасыңа ал, құрдас, тай-құлындай тебіскен, жарты құртты бөліскен жан досым, бұл күнде сексен жастағы менің емес, отыз жаста опат болған сенің айбының зор ел ішінде, мен де дамылдайын, қу тірліктен жалықтым".

Мәрт батыр ағайынының, балаларының жалынған жалбарынғандарына қайтпады.

— Көштеріңді жолдан қалдырмай жүре беріңдер, мен енді Балуанияздың қасында қалам, - деумен болды. Қар көбесі сөгіле қыс бойы паналаған жылы ойдан қырға жайлауға бағыт алған ауыл көші амалсыздан Балуанияз батырдың бейітінің қасына келіп қонып, төрт-бес күн еру болуды қалады...

ІІ .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептегі диспут


Диспут жоғары сыныптардың арасында өткелі жатыр еді. Кенет ағайлары сыныптағы екі ұлды осы өткелі жатқан диспутқа дайындай бастады. Мұны және сыныптың тағы бір ұлын. Бұларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін осы ағайлары бұлардың 5"А" сыныбына жылдың басында жетекші болып тағайындалған еді. Енді өзінің сыныбының екі ұлын жоғары сыныптар арасында өткелі жатқан диспутқа қатыстырып көрмек.

Мәдениет Үйінде өткелі жатқан диспуттың жалпы тақырыбы "Достық дегеніміз не?" деп аталатын. Іс-шараны мектептің аға пионер вожатыйы ұйымдастырып, өткізгелі жатыр еді. Мектептегі осы аға пионер вожатыйға үлкен баға берілетін.

Аға пионер вожатыйдың дружина жиындарындағы орны да оқушылар үшін елеулі еді. Мұндай дружина жиындары отряд советі председательдерінің рапорт тапсыруымен басталады. Рапорт дружина советінің председателіне тапсырылады. Ал дружина советінің председателі - жоғары сыныптың оқушы қызы. Өз рапортының мәтіні төмендегіше болып келетін:
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Бурыл ат

Оp болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің,

...Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім...

АҚАН СЕРІ

1

Жиын-терін қызу жүріп жатқан күзгі уақыт. Колхоз парторгі Кәрім бір күні үйіне шұжықтай тұнған әдемі семіз бурыл ат жетектеп келді.

Кәрімнің он алты жасар інісі Сүлеймен жақсы ат көрсе, ішкен асын жерге қояды. Оған бір мініп түспейінше көңілі көншімейді де, жаны жай таппайды. Жалына созса қол әрең жететін биік, әсем тұлғалы бурыл атты көргенде Сүлейменнің көзі жайнап кетті. Колхоздағы төрт тұяқ, қыл құйрықтың іске татырының оған бәрі мәлім. Ал мына ат болса, бұрын Сүлейменнің көзіне шалынбаған, соны мал.

— Аға, бүл кімнің аты? — деп Сүлеймен ынтық бола сұрады.

— Өзіміздікі.

— Қайдан алдың?

— Заставадан сатып алдым. Күзде соғымға соямыз.

Сүлейменнің өрекпіп тұрған жүрегі мына сөзді естіп, дір ете қалғандай болды. Он екі мүшесі сау, жап-жас әсем атты соғымға соямызы қалай?

— Інісінің ойын Кәрім кейпінен білді. Бурылды ауланың оңашалау бұрышына байлап, жайғастырып болған соң кіріп істің мән-жайын баян етті. Осы поселіктің тап іргесінде, су бойында шекаралық застава бар. Ондағы шекарашылар мен колхоз адамдары бауырмал, аралас-құралас. Қажет болған жағдайда шекарашыларға көмек етіп, қол ұшын беру үшін колхозшылардан құрылған жасақшылар тобы бар. Оның басқарушысы да осы Кәрім. Соңғы бір-екі жылда жай адамдардан құрылған бұл топ айласын асырмақ болған бірнеше шекараны бұзушыларды ұстап, заставаға табыс етті. Ұсталғандардың ішінде не бір сұм -сұрқия қауіптілері де бар көрінеді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Рухани санамыздың сапасы


Адам өмірді қалай қабылдаса,солай өмір сүреді. Адамның өмір сүру деңгейіне қарап, ойлау деңгейін білуге болады. Мына әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша көзқарас, сонша пікір бар. Және әркім өз ойымен өмір сүреді.
"Қате пікір болмайды. Тек біздің пікірлерімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар" дегендей біз ешкімнің пікірін қате деп жоққа шығара алмаймыз. Және барлық пікірді де дұрыс деп айтуға болмайды. Қате пікірлер жоқ бірақ орынсыз пікірлер бар. Себебі дүниеде миллиардтаған адам болса соның бәрі бірдей данышпан емес қой. Бірақ бәрініңде санасы бар. Иә мінсіз адам болмайды. Кемшіліксіз болмасақ та,сол бойымыздағы кем нәрсені толықтырып, дүниеге адам болып келгенен соң адам болып кетуге тырысу керекпіз! Осы деңгейде болатындай ойлау дәрежеміз болу керек.
Алла бізге өзге тіршілік иелерінен артықшылық етіп сана мен сезімді берді. Бірақ соңғы кездері санамыздың сапасы төмендеп бара жатқандай. Тым таяз ойланамыз! Қоғамдағы қатыгездік пен қателіктер міне осы сапасыз сананың көрінісі. Рухани сананың рухының төмендігі!
Негізгі айтар ойым:
Алла берген сананы биігіне шығара алмасақ хайуаннан айырмашылығымыздың жоқ болғаны. Ешкім өзін хайуанмен теңестіргенін қаламайды ғой. Ендеше рухани санамыздың сапасы адам деген атқа лайық болғаны жөн. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептің директоры


Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.

Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.

Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесінен қыркүйектің басына дейін жол қылып жүріпті.

Бір күні аудандық білім бөлімінен мектептің директорын көріп қалды.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жақыпбек Зəрипа Оралханқызы | Адам арманынан қалай адасады


Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.

Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек? Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім.

Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын, енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар армандайды, бірақ жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім. Адам бір нəрсені армандады ма, арманына жетпейінше тынбау əрекет етуі қажет. Ал орындалмайтынына көзін жеткізсе, ол арманынан бас тартқаны жөн. Ал қазір қалай? Армандаймыз, тым көп армандаймыз. Арманда емес, армандағанымызда шек жоқ. Біз тым көп нəрсені армандаймыз, оның орындалуы үшін еш нəрсе істемейміз. Уақыт өте келе басқа нəрсені армандауға көшемізде, ол да бұрынғы армандар сияқты қалып жаңасы пайда бола береді. Сөйтіп көп нəрсені армандап армандарымыздан шатасамыз.

FacebookTwitterGoogle+OdnoklassnikiMail.RuVKWhatsApp
.....
Әңгімелер
Толық
0 0