Әңгімелер

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектепте


Мектепте бүгінгі кезекшілікте Айжан тұр еді. Осы кезде есіктен Күлия кірді. Күлия - өзін кербездеу ұстайтын әйел. Шәкірттің ата-анасы. Айжанға бас изеп амандаса салып, аржағында келе жатқан орыс тілінен сабақ беретін Сәулені көріп, үйіріле кетті. Сәуле де Айжандар қатарлы қыз еді.

- Амансың ба, қарағым, Сәуле?! Біздің қыздың сабағы қалай? - деді Күлия.

- Дүрияны айтасыз ба? - деді Сәуле. - Дүрияның сабағы жақсы ғой.

- Жақсы болу керек! - деді Күлия сенімді дауыспен. - Өйткені папасы да мектепте жақсы оқыған ғой.

Сәуле Күлияның сөзіне жымиды. Осы кезде мектепке дәудірлей сөйлеп Сейдолла кірді. Сейдолла - зор денелі кісі. Есік аузында тұрған Айжанды аса елемеген күйі Сәулені көріп, үйіріле қалды:

- Сәуле қарындас! Біздің ұлдың сабағы қалай?!

- Аға, жай сөйлесеңізші! - деді Айжан, Сейдолланың дәудірлей сөйлегеніне кейістік білдіріп. - Мектепте сабақ өтіп жатыр ғой.

- Кешір, қарындас, кешір! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Іздеп


Тікшелеу жасыл беткейдің орта тұсына келе бере Несіпбай аттан түсті. Айналаға көз салған жоқ. Әлдеқандай ой басқан күңгірт жүзі бүгін бірде-бір рет көтеріліп, мынау кең дүниеге қараған емес. Көзін ылғи төмен салып, жүзі де салбырап тұқыра береді.

Сол еңсесін көтермеген бетінде атының ауыздығын алды. Құйрығын тірсегінен келтіре шорт кескен күдіс торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, атқұлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады. Несіпбай мұны шаужайлай түсіп, тапжылтпай отырып шылбырмен тұсау салды. Аздан соң тұрып сауырынан сол жақ алақанымен ақырын ұрып қалғанда, торы ат өрге қарай секіре басып өрлей берді. Тұсаумен секірген сайын ұзындау кекілі көтеріле түсіп, желп етіп, дөң басындағы әлдекімге торы аттың "здравствуйын" айта бара жатқан сияқтанады.

Ауыздық пен үзеңгі, тұрман шылдырлап барады. Несіпбай қырын тұрған бетінде сол жақ иығына, мойнын бұрып: "Ер-тоқымын бүлдірер ме екен", — деп ойлай түсіп, ұзап бара жатқан аттың соңына қарады. Баяу басатын сылбыр ой енді жиылып кеп бір байлау жасағанша ат ұзай берді. Несіпбай дағдылы шабандықпен біраз дағдарып тұрып қалса да ойын жеңген ол емес. Еш нәрсені абайламастан бетін қайта бұрып, енді ойға қарай аяндады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ ұлттық университеті білімділер мекені


Қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ –әлемдегі QS World University Rankings Results және Top Universities сайтының стандартына сай 401-450 унверситеттің қатарына кіретін білім және ғылымды дамытатын жоғарғы оқу орындарының бірі. Универсисетімізде еліміздің жан-жағынан келген 20 мыңнан астам студенттер және шет ел азаматтары білім алады. Университетімізде заман талабына сай «Al Farabi university smart sity», «Керемет» -студенттерге қызмет көрсету орталығы, әр факультет студенттеріне арналған жатақханалар, университетіміздің магистранттары мен докторанттарына арналған жас ғалымдар үйі, 300 орындық жастар интернет орталығы, 2 миллионан астам кітап жинағымен қамтылған Орта Азияның жоғарғы оқу орындарындағы ең үлкен Әл-Фараби кітапханасы бар. Бүгінгі таңда университетіміз 40-тан астам маманық бойынша гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша кадрлар дайындайтын ғылыми-зерттеу орталығына айналды. ҚазҰУ-де тарихы терең 14 факультет бар. Соладың бірі –механика-математика факультеті. Факультет деканы − физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бектемесов Мактагали Абдимажитович мырза. Факультетімізде 7 кафедра 14 мамандық бойынша білім береді. Соның ішінде тарихы терең, беделі жоғары кафедралардың бірі − іргелі математика кафедрасы. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі − физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сихов Мирбулат Бахытжанович мырза. Кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамында Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып, кандидаттық және профессорлық дәрежесін қорғап келген оқытушылар өте көп. Атап айтсақ физика-математика ғылымдарының доктор, профессорлары Ақанбай Нұрсадық, Кангужин Балтабек Есматұлы, Тоқыбетов Жанұзақ Әбдіқұлұлы, Бадаев Серікжан Ағыбайұлы. Сонымен орай Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі , «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» Блиев Назарбай , белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы сынды атақты математиктер кафедрамызда еңбек етуде.

Механика-математика факультеті – физика-математика ғылымдарының қазіргі заман талабына сай білікті мамандар дайындайтын еліміздегі беделді факультеттердің бірі. Оған дәлеліміз, біздің факультеттің түлегі кешегі ғылым және білім министрі Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлымен мақтана аламыз.

ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің

математика мамандығының 1-курс магистранты Жанай Ә.Ж.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Баянсыз бақ

Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра кетті.

Нұрлыбайдың жазу үстелі қай қызметкердікінен болса да артық. Қызметкер дегенің нақа бір шаруашылық орнында істеп, соның бір еңбек сіңіріп кетейін дегені болмаса, көбі жазу. Үстелін жөндеуді білмейді ғой. Қызметкерлерің былай тұрсын, күндіз-түні жаумен айналысатын жазушылардың көбі де ақсақ үстелден қол үзе алмай жүр. Далада өскен қазақ баласы, нақа бір кент әйеліне үйленгені болмаса қала тұрмысын бір жөндей қоя ма?

Нұрлыбайдың өзгешеден бір артықшылығы — осы жазу үстелін жөндегендігі. Жөндегенде — нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел.

— Үстелің онды екен, — деп қызығушы болса:

— Осында бір таныс жігіт бар еді, соның істеп бергені... Керек болса, істетіп берейін, - деп жымыңдайды.

Сөйтіп, Нұрлыбай арқылы әлгі «шебер жігіт» басқада қызметкерлермен танысып, араласып кетеді. Шебер жігіттің түпкі тілегі де осы қызметкерлерге араласу болғандықтан, ол Нұрлыбайға істеп берген үстелінің басы толықтанды деп біледі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілім қазақ тілі

(Мектеп шәкірті үшін жазылған).

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді.

Әлгіге рақмет айттым да, шұбырып кетіп бара жатқан он шақты адамның соңынан ілесіп жөнелдім. Жолдын батпағы ми болып жатыр. Галошсыз ботинкамның мықтап сорлайтынын сезсем де, істерге амалым жоқ. Өзі оншалық жаңа да ботинка емес еді. Әуелі қорқыңқырап басып, амалдап көрмек болдым. Бірақ бұдан ештеңе шығатын емес. Одан соң не болса да болды ғой деген оймен батылдана адымдап жүріп кеттім.

Бір кезде алдымда кетіп бара жатқан жұрт иіріліп, бөгеліп қалды. Сөйтсем әлгі арада ені екі метр шамасы, жағасы түйетайлы арық бар екен. Көпір ештеңесі жоқ. Жұрт амалдап секіріп жатыр. Қарттау бір адам арықтың ішіне тайып жығылып, үсті басын оңдырмай былғап алады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жас ұстазға тілек


«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Қызылорда қаласындағы «Болашақ» оқу орнының ұстаздарының сол кезде, яғни сайыс өткізерде өздерінің оқу орнын педагогикалық мамандықтар бойынша бітіргелі жатқан студенттеріне ендігі жерде жас ұстаз ретінде қарағандығы да сондықтан болса керек. Ұстаздары олардың арасында жас ұстаздардың сайысын өткізеді. Сайыс барысында сайысты ұйымдастырушылар бірнеше сайыскер топтың әрқайсысының өзінің жас ұстаз ретіндегі айтатын әні болу керек деп шешім қабылдайды. Ол бұрыннан белгілі әнге салынып айтылса да болады. Сол кезде осы сайыстың I орнын еншілеген, күні ертең-ақ бастауыштың мұғалімдері болғалы тұрған жас ұстаз қыздардың бір тобы өздерінің жас ұстаз ретіндегі әнін сол сайыста ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Студенттердің қоштасу әні» әнінің әуеніне салып орындаған-ды:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептің директоры


Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.

Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.

Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесі .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Сөз


«Жау жоқ деме жар астында,

Бөрі жоқ деме бөрік астында».

(Халық мақалы)

I

— Сөз адамның тағдырын шешетін сигналы ғой?..

— Неліктен олай дедің, дәлелде, — деді Татьяна Мұраттың сөзін бөліп. Сөз туралы бұл кеңес Мұрат институтты бітіріп армияға ертең жүрмек күні кешке басталып еді.

— Олай дейтін .себебім — сөзсіз бітетін іс, орындалатын жұмыс жоқ. Сөз адамды өмірдің теңізіне батырады да, қайықта қалқытады. Тіпті аспанға да шарықтатпай ма?!

«Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деген мақал ете дұрыс айтылған ғой деймін. Осы мақалдың өзінде үлкен бір маңыз жатқан сияқты. Сөздің бұл толық анықтамасы емес, бұл тек қана қызыл тілден шыққан шешен сөздің өткір құралы екенін ғана бейнелейді. Өйткені Мұраттың Татьянаға: «Кәне, ертең мен жүремін. Сенімен бір жүргенімізге төрт жыл. Не бар ойыңда, бәрін ашып айт, жасыма. Маған қашан күйеуге шығасың? Сөзсіз ойды білу қиын, ақырғы рет сыр ашайық,» — деген болатын. Сол сөздің рөлін дәлелдеу үшін Мұраттың айтқан себебі осы еді.

Сөйтіп олар әңгімеге кірісті.

II .....
Әңгімелер
Толық
0 0