Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте....
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ.....
Шілде ішінің ыстығы қандай?! Ауа айналып түскендей. Көлеңке басын ұзартып, салқын леп бойды жадырататын көзге шейін ыстықтан дөңбекшігендердің көлеңке сағалайтын әдеті ғой.
Қаламбай ауылының қыбырлаған жанының бары көлеңкеде, ауылдың.....
Мұғалима бұл сыныпқа жаңадан келген еді. Ол жас әрі жігерлі ұстаз болатын. Жұмыс істегісі келіп құлшынып тұрады. Анығына келгенде, ол ұстаздық қызметті енді ғана бастап жатқан жоқ. Мұның алдында да аз-маз тәжірибесі болды. Дегенмен оған жаңа орта да, сынып та әлі толық таныс емес еді. Сөйтсе де мұғалима өз жұмысына айрықша бір ықыласпен кірісіп кетті.
Бірде ол сыныппен бірге кеш өткізгісі келді. Кешке өз ойынша балалардың ата-аналары да қатысса екен деп тіледі. Дәлірек айтқанда.....
Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына.....
Желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағыштаймын.
Автор.
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.
Ұйықтайын деп ойлаған, бірақ көзі ілінбей-ақ қойды. Амалсыз қырау тұрған терезеге таянып, ыстық демімен алақандай жерді ерітіп тысқа үңілді. Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен бұлар. Ақтұмсық Алтайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар. Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы. Өлі дүниедей. Бойында бірақ белгісіз бір сес бар... Өзі кеше ғана аттанған Алматыны еске алды. Көкек астанада күшіне еніп, қызуы қоламтадай жүз шарпығалы Алатаудың да биік бауырындағы қалың қар лас лайсаңмен апыл-құпыл аттанып кеткен еді ғой. Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркі тұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың ақша қарын жамылып, самарқау жатыр. Сырбаз Алтай тәрізі көктемге жонын бергісі жоқ. .....